Новости:
29 шілде 2015 жыл
Ағымдағы жылдың маусым айында Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама мұрағатының қызметкерлері дайындаған «Ғылыми медициналық мекемелердің тарихынан. Қазақстан: 1941-1945 жж.» атты құжаттар мен материалдар жинағының таныстырылымы және «Қазақстанның ғылыми медициналық мекемелері: тарих парақтары» дөңгелек үстел мәжілісі барысында ОМҒТҚМ директоры Г.Сәрсенова Қазақстан Республикасының ғылыми медициналық мекемелердің басшыларына тұрақты мемлекеттік сақтауға, құнды құжаттар ретінде, 1945 жылға дейінгі ведомстволық сақтауда жатқан құжаттарды өткізуді өтінді. Дөңгелек үстел өткеннен кейін ауызша айтылған өтініш ғылыми медициналық мекемелердің бірінші басшыларының атына жазылған хаттарда қайталанды.
Біздің мұрағаттың қорқұраушылары құжаттарды сақтауға беру өтінішіне толық түсінікпеушілікпен қарағаны Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама мұрағатының басшылығы үлкен қанағаттандырумен белгіледі.
ОМҒТҚМ мемлекеттік сақтауға құжаттарды беру жұмысы басталып кетті. Шілде айында ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министірлігінің Педиатрия және бала хирургиясы ғылыми орталығы мемлекеттік сақтауға 138 іс, ҚР Ұлттық экономика министірлігінің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің М.Айқымбаев атындағы Қазақ карантиндік және зооноздық инфекциялар ғылыми орталығы 149 іс тапсырды. Жақын арады тағы да бірқатар мекемелер мен ұйымдар құжаттарды мемлекеттік сақтауға беру туралы дайын екенін айтып өтті.
Біздің өтінішімізді тез арада орындап құнды құжаттарды мұрағатқа тапсыру бойынша іс-шаралар жүргізген барлық мекемелердің басшыларына алғыс білдіреміз.

Все новости

Жаңалықтар

Показать все
28 наурыз 2024 жыл
Бүгінгі таңда мемлекетімізде шетел архивтері, ғылыми орталықтары мен кітапханаларында еліміздің тарихына қатысты тарихи мұрамыз болып табылатын құжаттарды анықтап, көшірмелерін алу үрдісі үлкен белең алуда.


27 наурыз 2024 жыл
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлері «Архив-2025» кешенді бағдарламасын іске асыру


23 наурыз 2024 жыл
Наурыз мерекесін аясында Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлері 2024 жылғы 23 наурызда архив аумағын қоқыстап тазарту, ағаштарды ақтау жұмыстарын жүргізді.


22 наурыз 2024 жыл
2024 жылдың 22 наурызы күні Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлері Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік архиві мен Орталық мемлекеттік кино-фотоқұжаттар мен дыбыс жазбалар архиві ұжымдарымен бастауын сан мыңдаған ғасырлардан алатын Наурыз мейрамын атап өтті.


Яндекс.Метрика Разработка и поддержка: ntd.kz