Новости:
13 қазан 2020 жылы
2020 жылдың 12 қазанында Алматы қ. «Архив-2025» Мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мақсатында «Ғылыми-техникалық құжаттама: дәстүрлі және инновациялық жұмыс түрлері» Халықаралық семинар өз жұмысын бастады.
Семинардың ұйымдастырушысы – Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің «Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві» РММ.
Бұл посткеңестік тарихта Қазақстан аумағында осы тақырыпта өткізіліп жатқан екінші семинар. Бірінші семинар 2016 жылдың қыркүйегінде Алматы қаласында өткізілген. Семинар аяқталғаннан кейін қатысушылар ұйымдастырушыларға осындай іс-шараларды тұрақты түрде өткізіп отыруларына тілектерін білдірген.
Ағымдағы жылы белгілі жағдайларға байланысты семинар үш кезеңде өткізіледі. 2020 жылдың 12 қазанында болған бірінші кезеңінде ҚР ОМҒТҚА директоры Б.А. Жұматаева қатысушылармен сәлемдесіп, семинарды ашып берді. Семинар қатысушылары www.ntd.kz - архив веб-сайтынан және youtube-каналынан (ҚР ОМҒТҚА) ғылыми-техникалық құжаттамамен жұмыс жасау саласындағы отандық, сонымен қатар, ТМД аумағындағы жетекші мамандандырылған архивтердің - Ресей мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві (Мәскеу) және Самарадағы Ресей мемлекеттік архиві мамандарының бейнелік қойылымдарын (баяндамаларын) көре алады. Сондай-ақ, семинарға қатысушыларға ҚР ОМҒТҚА және оның қор қоймалары бойынша бейне экскурсиялар ұсынылады. Қорытындылай келе, архив мамандары ғылыми-техникалық құжаттармен жұмыс істеуге байланысты нақты мәселелер бойынша тәжірибелік кеңестер береді.
Екінші кезеңде (12-18 қазан) баяндамаларды талқылап, оларға байланысты туындаған сұрақтарды баяндамашыларға, сонымен қатар, семинар туралы қатысушылардың пікірлерін электронды пошта (cgantd@gmail.com) арқылы жіберу жоспарлануда.
Биылғы жылдың 23 қазанында өтетін үшінші соңғы кезеңде семинарға қатысушылар баяндамашылардан алынған сұрақтарға арналған байланысты бейне жауаптарымен таныса алады. Осы күні семинарды қорытындылау және жабылуы болады. Семинардың барлық қатысушылары сертификаттармен, ал ең белсенділері - пошта арқылы жіберілетін алғыс хаттармен марапатталады.
Семинарға қазақстандық және шетелдік архив саласының мамандары, тарихшылар, ЖОО оқытушылары, студенттері, мемлекеттік органдар мен қоғамдық ұйымдардың өкілдері қатысуда.

Все новости

Жаңалықтар

Показать все
22 сәуір 2024 жыл
2024 жылғы 22 сәуірде Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің Құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету және мемлекеттік есепке алу бөлімінің қызметкерлері әріптестеріне «Істер тізімдемелерін өңдеу және оларды жетілдіру (істер тізімдемелерін жетілдіру, олардың ақпаратты іздеу деңгейі мен сапасын арттыру)» тақырыбында өндірістік оқу өткізді.


20 сәуір 2024 жыл
«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Алматыда 8 сәуір мен 8 мамыр аралығында «Алматы – біздің ортақ үйіміз» науқаны өтуде. Оның басты мақсаты - қалалық инфрақұрылымға ұқыпты қарау құндылығын қалыптастыру, халық арасында жоғары азаматтық жауапкершілік пен экологиялық мәдениетті тәрбиелеу, жеке экологиялық бастамаларды қолдау мен іске асыруға жағдай жасау.


15 сәуір 2024 жыл
2024 жылғы 15 сәуірде Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві дирекциясының кезекті отырысы өтті. Онда архивтегі құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету мәселелері, құжаттарды архивтік қоймаларда жылжыту және орналастыру, «ОМҒТҚА» республикалық мемлекеттік мекемесінде құжаттарды сақтау режимі мәселелері қарастырылды.


10 сәуір 2024 жыл
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлерінің «Архив-2025» бағдарламасы аясында Латвия Республикасының астанасы – Рига қаласындағы Латвия Ұлттық архиві мен мемлекеттік архивінде құжаттар анықтау бойынша іс-сапарлары барысында Латвияның Ұлттық архиві және Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві арасында Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.


Яндекс.Метрика Разработка и поддержка: ntd.kz