Новости:
03 тамыз 2015 жыл
Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама мұрағатында мемлекеттік сақтауда жатқан Қазақстан Республикасы Ұлттық мұрағат қорының құжаттарына отандық зерттеушілер арасында ғана емес, сонымен қатар шетелдік тарихшылар арасында қызығушылық бар
Ағымдағы жылдың шілде айының аяғында ОМҒТҚМ оқу залында Француз ұлттық ғылыми зерттеулер орталығының (Париж) жанындағы Ресей, Кавказ, Орталық Азия және Орталық Еуропа орталығының аға ғылыми қызметкері, тарих ғылымдарының докторы Изабель Оайон жұмыс жасады. Оның зерттеу жобасының тақырыбы – «Кеңестік Қазақстанның қоршаған ортасының, жайылым шаруашылығының және экологиясының жағдайы (1970–1980 жж.)». Бұдан бұрын мұрағатқа Германия Федеративтік Республикасынан сәулетші және баспашы, бұрынғы КСРО тұрғын үй және қоғамдық ғимараттардың сәулет тарих саласының маманы Филипп Мойзер келген.






Все новости

Жаңалықтар

Показать все
15 сәуір 2024 жыл
2024 жылғы 15 сәуірде Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві дирекциясының кезекті отырысы өтті. Онда архивтегі құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету мәселелері, құжаттарды архивтік қоймаларда жылжыту және орналастыру, «ОМҒТҚА» республикалық мемлекеттік мекемесінде құжаттарды сақтау режимі мәселелері қарастырылды.


10 сәуір 2024 жыл
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлерінің «Архив-2025» бағдарламасы аясында Латвия Республикасының астанасы – Рига қаласындағы Латвия Ұлттық архиві мен мемлекеттік архивінде құжаттар анықтау бойынша іс-сапарлары барысында Латвияның Ұлттық архиві және Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві арасында Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.


08 сәуір 2024 жыл
Өмір деген өткінші, қас-қағым сәт деген сөздерді бүгін тағы еске салғандай, күні кеше ғана ортамызда жүрген әріптесіміз, ардақты азамат Печерских Владимир Еренеевич 66 жастан асқан шағында кенеттен дүниеден озды. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві атынан асыл азаматтың қайтыс болуына байланысты отбасына, ағайын-туыстарына қайғыра көңіл айтамыз.


05 сәуір 2024 жыл
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлері Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 20 желтоқсандағы №953 қаулысымен бекітілген «Архив-2025» кешенді бағдарламасы бойынша шетел архивтерінен Қазақстан тарихына қатысты құжаттар мен материалдар көшірмелерін анықтау бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу мақсатында тарихи Латвия Республикасының астанасы – Рига қаласына барды.


Яндекс.Метрика Разработка и поддержка: ntd.kz