Новости:
22 желтоқсан 2020 жылы
Құрметті әріптестер!
Сіздерді осындай өте ерекше қиындықтарға толы 2020 жылдың қуанышты оқиғасымен құттықтаймыз! Енді Қазақстан Республикасында атап өтілетін мерекелік күндер күнтізбесінде тағы бір күн пайда болды – 22 желтоқсан –Архивистер күні!
Бұл күн кездейсоқ таңдалмаған. Дәл осы күні 1998 жылы «Ұлттық архив қоры және архивтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды – Қазақстан Республикасы Ұлттық архив қорының құжаттарын жинақтау, сақтау, мемлекеттік есепке алу, пайдалану және республикадағы архив ісін мемлекеттік басқару саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейтін Егемен Қазақстан тарихындағы алғашқы заң.
Мойындасақ, біз, архивистер, көп ұлтты халқымыз бен мемлекетіміздің құжаттық қазынасы – асыл мұрасын сақтауды қамтамасыз етудің игілікті миссиясын атқаратын қызметкерлер көптеген кәсіби мерекелер тізімінде пайда болуын көптен күткен едік. Шынында да, біздің кәсіби ортада жоғары білімді және өз ісіне берілген азаматтар еңбек етеді, олар өздерінің барлық білімі мен дағдыларын туған еліне қызмет етуден аянбайды.
Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің ұжымы архив саласының барлық қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен тағы да құттықтайды және өз әріптестерінің әрқайсысына мықты денсаулық, кәсіби өсу және Отанымыз – Қазақстан Республикасының гүлденуі үшін өзін-өзі жетілдіруді тілейді!


Все новости

Жаңалықтар

Показать все
22 сәуір 2024 жыл
2024 жылғы 22 сәуірде Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің Құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету және мемлекеттік есепке алу бөлімінің қызметкерлері әріптестеріне «Істер тізімдемелерін өңдеу және оларды жетілдіру (істер тізімдемелерін жетілдіру, олардың ақпаратты іздеу деңгейі мен сапасын арттыру)» тақырыбында өндірістік оқу өткізді.


20 сәуір 2024 жыл
«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Алматыда 8 сәуір мен 8 мамыр аралығында «Алматы – біздің ортақ үйіміз» науқаны өтуде. Оның басты мақсаты - қалалық инфрақұрылымға ұқыпты қарау құндылығын қалыптастыру, халық арасында жоғары азаматтық жауапкершілік пен экологиялық мәдениетті тәрбиелеу, жеке экологиялық бастамаларды қолдау мен іске асыруға жағдай жасау.


15 сәуір 2024 жыл
2024 жылғы 15 сәуірде Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві дирекциясының кезекті отырысы өтті. Онда архивтегі құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету мәселелері, құжаттарды архивтік қоймаларда жылжыту және орналастыру, «ОМҒТҚА» республикалық мемлекеттік мекемесінде құжаттарды сақтау режимі мәселелері қарастырылды.


10 сәуір 2024 жыл
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлерінің «Архив-2025» бағдарламасы аясында Латвия Республикасының астанасы – Рига қаласындағы Латвия Ұлттық архиві мен мемлекеттік архивінде құжаттар анықтау бойынша іс-сапарлары барысында Латвияның Ұлттық архиві және Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві арасында Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.


Яндекс.Метрика Разработка и поддержка: ntd.kz