Новости:
07 тамыз 2015 жыл
Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама мұрағаты Қазақстан ғылымының, техникасының және сәулетінің құрылуы және даму тарихы бойынша ретроспективтік ақпаратты қамтитын Қазақстан Республикасы Ұлттық мұрағат қорының бірегей құжаттарын сақтайды.
Мұрағаттың толықтыру көздері ғылыми-зерттеу, жобалау, конструкторлық-технологиялық мекемелер болып табылады. Бұл «Қазақ ғылыми-зерттеу және эксперименттік жобалау сейсмотұрақты құрылыс және сәулет институты» АҚ, «Алматыгипрогор» жобалау институты» АҚ, «Алматыгипрогор-1» жобалау институты» ЖШС, «Граждансельпроектстрой» ауыл және азаматтық құрылысты жобалау жөніндегі» ЖШС, ««КазГИИЗ» Қазақ іздеулік геотехникалық институты» ЖШС, ««KAZGOR» жобалау академиясы» ЖШС, «Монтажпроект» ЖШС, «Промтранспроект» өнеркәсіп көлігін жобалау» ЖШС, ««НИИстромпроект» - құрылыс материалдарын ғылыми-зерттеу және жобалау институты» ЖШС,
««Проектстальконструкция» институты» ЖШС, ««Промстройпроект» өнеркәсіп ғимараттарын жобалау институты» ЖШС», «Проектмонтаж-автоматика» ЖШС, «Казсантехпроект» ЖШС.
2015 жылы осы тізім тағы да бір мекемемен толықтырылды - ЖШС ««Базис»-жобалау институты».
Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама мұрағатының ұжымы осы мекемелердің қызметкерлерін кәсіби мерекесімен-Құрылысшылар күнімен құттықтайды!
Сіздердің еңбектеріңіз өте қиын, бірақ өзінің асыл, шығармашылық бағыттағы нәтижелерімен теңдесі жоқ мақтаныш әкеледі.
Сіздер жобалаған объектілердің барлығы салынып, елімізді өзінің әсемділігімен, тұрақтылығымен ғасырлар бойы қуантаберсін. Сіздерге зор денсаулық, жанұялық бақыт және табыс тілейміз!
Мерекелеріңізбен, қымбатты достар!


Все новости

Жаңалықтар

Барлығын көрсету
26 қараша 2025 жыл
2025 жылдың 26 қарашасында Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлері Орталық мемлекеттік архив өткізген көрнекті ғалым, саяхатшы және этнограф Шоқан Уәлихановтың туғанына 190 жыл толуына орай ұйымдастырған «Ш. Уәлиханов пен Г.Н. Потанин» көрмеге қатысты.


10 қараша 2025 жыл
2025 жылғы 10 қарашада Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінде мекеменің негізгі қызметтерінің маңызды мәселелерін қарайтын алқалы органы болып табылатын дирекцияның кезекті отырысы өтті.


07 қараша 2025 жыл
«Архив-2025: архивтегі аманат» республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы аясында «Архив құжаттарын сканерлеу және цифрландыру» тақырыбында топтық семинар және мемлекеттік және ведомстволық архивтер қызметкерлері үшін «Е-Архив» АЖ жұмысы бойынша оқыту өтті.


06 қараша 2025 жыл
2025 жылғы 6 қарашада Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің директоры Жұматаева Баян Амантайқызы Қазақстан Республикасының Ұлттық архиві Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен өткізген «Архив-2025: архивтегі аманат» республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясына қатысты.


Яндекс.Метрика Разработка и поддержка: ntd.kz