Новости:
22 қантар 2021 жылы
ҚР «Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архив» РММ ұжымы Әбдірахымов Ғабидолла Рахметоллаұлын Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министрі болып тағайындалуымен шын жүректен құттықтайды!
Құрметті Ғабидолла Рахметоллаұлы! Сіз мол тәжірибесі бар, кәсіби мемлекеттік қызметкер ретінде еліміздің мәдениет, спорт, туризм салаларын дамытуға және өзге де алға қойылған мақсат-мұраттардың орындалуына бар-күш жігерін салады деп сенеміз. Сіздің бұған дейінгі атқарған жауапты әрі жоғары лауазымды қызметтеріңізде ел игілігі үшін күш сарқа еңбек еткеніңізге халық куә. Сізге жаңа қызметте толағай табыстар, берекелі бастамалар, жаңа жетістіктер тілейміз!
Құрметпен, Баян Жұматаева
ҚР «Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архив» РММ директоры


Все новости

Жаңалықтар

Показать все
22 сәуір 2024 жыл
2024 жылғы 22 сәуірде Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің Құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету және мемлекеттік есепке алу бөлімінің қызметкерлері әріптестеріне «Істер тізімдемелерін өңдеу және оларды жетілдіру (істер тізімдемелерін жетілдіру, олардың ақпаратты іздеу деңгейі мен сапасын арттыру)» тақырыбында өндірістік оқу өткізді.


20 сәуір 2024 жыл
«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Алматыда 8 сәуір мен 8 мамыр аралығында «Алматы – біздің ортақ үйіміз» науқаны өтуде. Оның басты мақсаты - қалалық инфрақұрылымға ұқыпты қарау құндылығын қалыптастыру, халық арасында жоғары азаматтық жауапкершілік пен экологиялық мәдениетті тәрбиелеу, жеке экологиялық бастамаларды қолдау мен іске асыруға жағдай жасау.


15 сәуір 2024 жыл
2024 жылғы 15 сәуірде Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві дирекциясының кезекті отырысы өтті. Онда архивтегі құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету мәселелері, құжаттарды архивтік қоймаларда жылжыту және орналастыру, «ОМҒТҚА» республикалық мемлекеттік мекемесінде құжаттарды сақтау режимі мәселелері қарастырылды.


10 сәуір 2024 жыл
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлерінің «Архив-2025» бағдарламасы аясында Латвия Республикасының астанасы – Рига қаласындағы Латвия Ұлттық архиві мен мемлекеттік архивінде құжаттар анықтау бойынша іс-сапарлары барысында Латвияның Ұлттық архиві және Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві арасында Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.


Яндекс.Метрика Разработка и поддержка: ntd.kz