Новости:
28 қантар 2021 жылы
Сенаттың Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің мүшелері еліміздің Мәдениет және спорт министрімен кездесті. Мемлекет басшысының "Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі" атты Жолдауын іске асыру аясында архивтер мен кітапхана қорының жай-күйін жақсартуды, қолжазбаларды, сирек кездесетін кітаптар мен құнды құжаттарды цифрландыруды басты назарға алған кездесуді сенатор, комитет төрағасы Мұрат Бақтиярұлы жүргізді.

Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова депутаттардың сауалдарына жауап бере келіп, еліміздің кітап қоры мен кітап қоймаларының жай-күйі, сондай-ақ кітапханашылар мен архив қызметкерлерінің жалақысы туралы егжей-тегжейлі баяндады.

Өз кезегінде сенатор Нұртөре Жүсіп елімізде архивтерді дамытуға көбірек көңіл бөлініп, олардың жағдайы қазіргі заманғы стандарттарға сәйкес келуі керектігін атап өтті. Жиынға қатысушылар тарихи маңызды қолжазбалардың, сирек басылымдар мен кітаптардың көшірмелерін іздеу мен сатып алуды қаржыландырудың маңыздылығы туралы айтты. Кездесу соңында сенаторлар мәдениет қызметкерлерінің жалақысын көтеру мәселесін қарастыруды және сирек кітаптар мен қолжазбалар сақталатын Ұлттық орталық құруды ұсынды.

Кездесуге онлайн түрде ҚР «Орталық мемлекеттік архив» РММ директорының орынбасары Мәрзия Жылысбаева, «Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архив» РММ директоры Баян Жұматаева, «Орталық мемлекеттік кино-фотоқұжаттар мен дыбыс жазбалары архиві» РММ директоры Жанай Омаров та қатысып, «Архив - 2025» мемлекеттік бағдарламасына қатысты өз ойларын ортаға салды.




Все новости

Жаңалықтар

Показать все
20 сәуір 2024 жыл
«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Алматыда 8 сәуір мен 8 мамыр аралығында «Алматы – біздің ортақ үйіміз» науқаны өтуде. Оның басты мақсаты - қалалық инфрақұрылымға ұқыпты қарау құндылығын қалыптастыру, халық арасында жоғары азаматтық жауапкершілік пен экологиялық мәдениетті тәрбиелеу, жеке экологиялық бастамаларды қолдау мен іске асыруға жағдай жасау.


15 сәуір 2024 жыл
2024 жылғы 15 сәуірде Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві дирекциясының кезекті отырысы өтті. Онда архивтегі құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету мәселелері, құжаттарды архивтік қоймаларда жылжыту және орналастыру, «ОМҒТҚА» республикалық мемлекеттік мекемесінде құжаттарды сақтау режимі мәселелері қарастырылды.


10 сәуір 2024 жыл
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлерінің «Архив-2025» бағдарламасы аясында Латвия Республикасының астанасы – Рига қаласындағы Латвия Ұлттық архиві мен мемлекеттік архивінде құжаттар анықтау бойынша іс-сапарлары барысында Латвияның Ұлттық архиві және Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві арасында Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.


08 сәуір 2024 жыл
Өмір деген өткінші, қас-қағым сәт деген сөздерді бүгін тағы еске салғандай, күні кеше ғана ортамызда жүрген әріптесіміз, ардақты азамат Печерских Владимир Еренеевич 66 жастан асқан шағында кенеттен дүниеден озды. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві атынан асыл азаматтың қайтыс болуына байланысты отбасына, ағайын-туыстарына қайғыра көңіл айтамыз.


Яндекс.Метрика Разработка и поддержка: ntd.kz