Новости:
14 тамыз 2015 жыл
«2-М Production» Медиакомпаниясы «Хабар» агенттігі» АҚ тапсырысы бойынша "Білім және мәдениет" телеарнасы үшін Қазақстанның үздік сәулет нысандары туралы бағдарламалар топтамасын дайындайп жатыр.
Бағдарламалардың бірі бүкіл әлемде кең танымал Алматы қаласындағы Қазақ мемлекеттік цирк ғимаратына арналады. Фильмнің материалын дайындау барысында медиакомпанияның қызметкерлері Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама мұрағатына келіп осы бірегей сәулет нысанының құрылысына байланысты құжаттармен танысты. Оның сыртқы көрінісінде қазіргі үрдістермен бірге қазақ халқының ұлттық мәдениетінің ассоциативтік байланыс сипаттарының бейнесі табылады.
Қазақ киіз үйіне ұқсас, әртістердің қойылымдарына, жаттығуларына және репетицияларына қажетті барлық жағдайлар жасалынған, 2160 орынды әдемі ғимарат қаламызды жайнатты.
1972 ж. 6 мамырында Қазақстанның КП ОК бірінші хатшысы Д.А. Қонаев, Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің төрағасы Б. Әшімов, КП Алматы облыстық комитетінің бірінші хатшысы А. Асқаров және басқа да республика басшыларымен бірге цирктің салынып жатқан ғимаратын көріп шықты.
Д.А. Қонаев құрылысшыларға Алматыға және қазақстандықтарға жақсы сыйлық жасағаны үшін алғысын білдірді. Сонымен қатар, Д.А. Қонаев 10 маусым күні Жамбылдың 125 жылдығын тойлауға орай қазақ әртістерінің жаңа бағдарламасымен цирктің салтанатты ашылуы болса деп тілек білдірді.
1972 ж. 9 маусымында цирктің ғимараты (сәулетшілер: В.З. Кацев, И.В. Слонов) пайдалануға берілді. Келесі күні цирктің ресми ашылуы өткізілді.





Все новости

Жаңалықтар

Барлығын көрсету
04 шілде 2025 жыл
Еліміздің барлық өңірлерінде бүгін Ұлттық домбыра күніне арналған түрлі мәдени іс-шаралар өтуде. Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві «Домбыра – бабалар мұрасы» атты дөңгелек үстел өткізді.


26 маусым 2025 жыл
2025 жылғы 25-26 маусымда Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінде ҰАҚ толықтыру және ведомстволық архивтер бөлімі ведомстволық архив жұмысына жауапты ұйымдардың іс жүргізушілері мен қызметкерлері үшін «Мемлекеттік архив саясаты тұрғысынан ведомстволық архивтерді ұйымдастыру және дамыту» атты екі күндік семинар өткізді.


26 маусым 2025 жыл
Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві мен Алматы көпсалалы колледжінің ынтымақтастық туралы шарты шеңберінде архив директоры Баян Амантайқызы Жұматаева мемлекеттік емтихан комиссиясының төрайымы ретінде «Басқаруды құжаттамалық қамтамасыз ету және мұрағаттану» мамандығы бойынша бітіруші студенттер үшін демо-емтихан өткізуге қатысты.


23 маусым 2025 жыл
Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің директоры Баян Жұматаева Алматы көпсалалы колледжінде бітіруші түлектердің алғашқы жұмыс орнын ұйымдастыру мақсатында өткізілген «16 жаста алғашқы табысым» іс-шарасына қатысты.


Яндекс.Метрика Разработка и поддержка: ntd.kz