Новости:
12 наурыз 2021 жылы
2021 жылдың 12 наурызында ҚР ОМҒТҚА-нің директоры Б.А.Жұматаева "Рухани жаңғыру" және "Архив-2025" мемлекеттік бағдарламаларының аясында ҚР Орталық мемлекеттік архиві ұйымдастырған Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына, сондай-ақ ҚР Орталық мемлекеттік архивінің 100 жылдығына және Жамбыл Жабаевтың туғанына 175 жыл толуына арналған онлайн-конференцияға қатысты.
Өткізілген іс-шара барысында "Ұзақбай Құлымбетовтың мемлекеттік қызметі архив деректерінде", «Народно-освободительное движение казахского народа в конце XVIII-го – начале XX веков», «Путеводитель по фондам Центрального государственного архива Республики Казахстан. Досоветский период», "Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік архивінің жеке тектік қорлары бойынша жөсілтемесі (1959-2009), 1 том", "Панфиловцы – наша гордость и слава" (авторы – Л.С. Ахметова) сынды құжаттық жинақтар мен анықтамалық басылымдардың тұсаукесері өтті.
Сондай-ақ, халық ақыны Жамбыл Жабаевтың туғанына 175 жыл толуына орай ҚР ОМА қорлары құжаттарынан көрме ұйымдастырылды.
Сонымен қатар, архив құжаттарын құпиясыздандырумен және Қазақстандағы саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссияның жұмысымен байланысты мәселелер қаралды.




Все новости

Жаңалықтар

Показать все
15 сәуір 2024 жыл
2024 жылғы 15 сәуірде Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві дирекциясының кезекті отырысы өтті. Онда архивтегі құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету мәселелері, құжаттарды архивтік қоймаларда жылжыту және орналастыру, «ОМҒТҚА» республикалық мемлекеттік мекемесінде құжаттарды сақтау режимі мәселелері қарастырылды.


10 сәуір 2024 жыл
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлерінің «Архив-2025» бағдарламасы аясында Латвия Республикасының астанасы – Рига қаласындағы Латвия Ұлттық архиві мен мемлекеттік архивінде құжаттар анықтау бойынша іс-сапарлары барысында Латвияның Ұлттық архиві және Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві арасында Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.


08 сәуір 2024 жыл
Өмір деген өткінші, қас-қағым сәт деген сөздерді бүгін тағы еске салғандай, күні кеше ғана ортамызда жүрген әріптесіміз, ардақты азамат Печерских Владимир Еренеевич 66 жастан асқан шағында кенеттен дүниеден озды. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві атынан асыл азаматтың қайтыс болуына байланысты отбасына, ағайын-туыстарына қайғыра көңіл айтамыз.


05 сәуір 2024 жыл
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлері Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 20 желтоқсандағы №953 қаулысымен бекітілген «Архив-2025» кешенді бағдарламасы бойынша шетел архивтерінен Қазақстан тарихына қатысты құжаттар мен материалдар көшірмелерін анықтау бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу мақсатында тарихи Латвия Республикасының астанасы – Рига қаласына барды.


Яндекс.Метрика Разработка и поддержка: ntd.kz