Новости:
04 маусым 2021 жылы
2021 жылдың 4 маусымында Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінде Сараптау-тексеру және әдістемелік комиссиясының кезекті отырысы өтті. Отырыста келесі құжаттар қаралды: 1) № 34 қор «Қазсельэнергопроект» институты» ЖШС-нің 1981-1996 жылдарға арналған жобалау-сметалық құжаттаманың тұрақты сақталатын № 3-4 істер тізімдемесі және 1981-1994 жылдарға арналған сақталуға жатпайтын істерді жоюға арналған № 5 актісі; 2) академик Б. О. Жарбосынов атындағы Урология ғылыми орталығы» АҚ-ның істер номенклатурасы.; 3) «Құрмет Белгісі» орденді Қазақ көз аурулары ғылыми-зерттеу институты» ЖШС-нің сараптама комиссиясы және ведомстволық архиві туралы ережелер; 4) ҒОТӨ «Жалын» ЖШС-нің 2015 ж.сақтауға жатпайтын істерді жоюға арналған актісі.
Талқылау барысында сарапшылар мен СТӘК мүшелері ұсынылған құжаттар бойынша өз ескертулерін білдірді. Барлық құжаттар бойынша тиісті шешімдер қабылданды.

Все новости

Жаңалықтар

Показать все
15 сәуір 2024 жыл
2024 жылғы 15 сәуірде Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві дирекциясының кезекті отырысы өтті. Онда архивтегі құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету мәселелері, құжаттарды архивтік қоймаларда жылжыту және орналастыру, «ОМҒТҚА» республикалық мемлекеттік мекемесінде құжаттарды сақтау режимі мәселелері қарастырылды.


10 сәуір 2024 жыл
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлерінің «Архив-2025» бағдарламасы аясында Латвия Республикасының астанасы – Рига қаласындағы Латвия Ұлттық архиві мен мемлекеттік архивінде құжаттар анықтау бойынша іс-сапарлары барысында Латвияның Ұлттық архиві және Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві арасында Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.


08 сәуір 2024 жыл
Өмір деген өткінші, қас-қағым сәт деген сөздерді бүгін тағы еске салғандай, күні кеше ғана ортамызда жүрген әріптесіміз, ардақты азамат Печерских Владимир Еренеевич 66 жастан асқан шағында кенеттен дүниеден озды. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві атынан асыл азаматтың қайтыс болуына байланысты отбасына, ағайын-туыстарына қайғыра көңіл айтамыз.


05 сәуір 2024 жыл
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлері Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 20 желтоқсандағы №953 қаулысымен бекітілген «Архив-2025» кешенді бағдарламасы бойынша шетел архивтерінен Қазақстан тарихына қатысты құжаттар мен материалдар көшірмелерін анықтау бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу мақсатында тарихи Латвия Республикасының астанасы – Рига қаласына барды.


Яндекс.Метрика Разработка и поддержка: ntd.kz