Новости:
18 маусым 2021 жылы
2021 ж. 15 маусымында ОМҒТҚА қызметкері Т.И. Әліпбаева Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейі және BI Group компаниясымен бірлесе отырып ұйымдастырған «Бірге жеңеміз» көрмесімен танысып келді. Аталмыш көрме COVID-19 коронавирус пандемиясына қарсы өз өмірін қауіпке тігіп, алдыңғы шепте ауыр дертпен күрескен дәрігерлердің құрметіне арналған.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2021 жылдың 31 мамырында өткен Дүниежүзілік денсаулық сақтау ассамблеясының 74-ші сессиясының жабылуында бір жарым жыл бойы бүкіл әлем күресіп келе жатқан коронавирус пандемиясының нағыз сын сағаты енді келгенін айтты. Оның сөзі бойынша коронавирус індетінің таралуы ұлттық денсаулық сақтау жүйесі мен халықаралық институттар үшін теңдесі жоқ стресс-тест болды. Президенттің пікірі бойынша, алғашқы медициналық көмек көрсетудің мықты қалыптасқан жүйесі кез келген жұқпалы ауруға төтеп берудің басты құралы екендігі осы пандемия кезінде нақтыланды. Қазақстандық медицина бұл сынақтан сүрінбей өтіп қана қоймай, ғаламдық мәселені шешуге өз үлесін қосты. «Бірге жеңеміз!» көрмесінде фотограф Руслан Мазунин мен «BI Group» компаниясының «Мен ризамын» ортақ жобасының аясында түсірілген Нұр-Сұлтан қаласының дәрігерлері портреттерінің галереясы орналастырылды. Бұл айтып отырғанымыз – Елордалық жұқпалы ауруларды емдейтін аурухананың дәрігерлері мен медициналық ұжымының 101 суреті. Сондай-ақ, көрмеге індетке қарсы күрескен мекемелер Алматы қаласының Балалар қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасы мен Фтизиопульмоногия орталығы қызметкерлерінің жоғары кәсіби деңгейде жүргізген жұмыс нәтижелері жайлы материалдар қойылған. Суретші Георгий Ли, Тамара Елфимова мен Джохар Исмаиловтың, сондай-ақ, Алматы қаласындағы бейнелеу өнеріне баулитын «Лидии Дроздованың арт-шеберханасы», «Феникс» балалар клубы, «Тұран» мектеп-лицейі жанындағы «Вдохновение» студиясы сынды үйірме оқушыларының коронавирус пандемиясымен күрес тақырыбындағы шығармалары да көрме экспозициясынан орын алды.







Все новости

Жаңалықтар

Показать все
22 сәуір 2024 жыл
2024 жылғы 22 сәуірде Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің Құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету және мемлекеттік есепке алу бөлімінің қызметкерлері әріптестеріне «Істер тізімдемелерін өңдеу және оларды жетілдіру (істер тізімдемелерін жетілдіру, олардың ақпаратты іздеу деңгейі мен сапасын арттыру)» тақырыбында өндірістік оқу өткізді.


20 сәуір 2024 жыл
«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Алматыда 8 сәуір мен 8 мамыр аралығында «Алматы – біздің ортақ үйіміз» науқаны өтуде. Оның басты мақсаты - қалалық инфрақұрылымға ұқыпты қарау құндылығын қалыптастыру, халық арасында жоғары азаматтық жауапкершілік пен экологиялық мәдениетті тәрбиелеу, жеке экологиялық бастамаларды қолдау мен іске асыруға жағдай жасау.


15 сәуір 2024 жыл
2024 жылғы 15 сәуірде Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві дирекциясының кезекті отырысы өтті. Онда архивтегі құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету мәселелері, құжаттарды архивтік қоймаларда жылжыту және орналастыру, «ОМҒТҚА» республикалық мемлекеттік мекемесінде құжаттарды сақтау режимі мәселелері қарастырылды.


10 сәуір 2024 жыл
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлерінің «Архив-2025» бағдарламасы аясында Латвия Республикасының астанасы – Рига қаласындағы Латвия Ұлттық архиві мен мемлекеттік архивінде құжаттар анықтау бойынша іс-сапарлары барысында Латвияның Ұлттық архиві және Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві арасында Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.


Яндекс.Метрика Разработка и поддержка: ntd.kz