Новости:
21 маусым 2021 жылы
2021 жылы 21 маусымда ТМД елдерінің IV жазғы жас архивистер мектебі онлайн форматта ашылды. Ұйымдастырушылар: Қазақстан Республикасы Президенті Архиві, Ресей мемлекеттік гуманитарлық университеті, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті.
Іс-шара Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу аясында өткізіледі.
Салтанатты ашылуында Қазақстан Республикасы Президенті Архивінің директоры Д.Абдукадырова, Ресей мемлекеттік гуманитарлық университетінің ғылыми жұмыстар жөніндегі бірінші проректоры О. Павленко, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті тарих факультетінің деканы М. Ноғайбаева, Бүкілресейлік құжаттама және архив ісі ғылыми-зерттеу институтының директоры П. Кюнг, Қазақстан Республикасы Президенті Архиві жанындағы Қоғамдық кеңестің төрағасы Б.Джапаров форум қатысушыларына құттықтау сөздерін жолдады.
Сондай-ақ, жазғы мектеп қатысушыларын Қазақстан Республикасы Президенті Кеңсесінің басшысы Н. Онжанов пен Кореяның Ұлттық архивінің президенті Джэ Хи Чой құттықтады, олар цифрлық дәуірдегі форум тақырыптарының ерекше өзектілігін атап өтіп, қатысушыларға сәттілік пен жемісті жұмыс тіледі.
Жазғы мектепке Әзербайжан, Армения, Беларуссия, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Өзбекстан архив мекемелерінен 270-тен астам маман қатысады. Сарапшылар - ҚР ОМҒТҚА директоры Б.Жуматаева, Польшадағы, Ресейдегі, Финляндиядағы, Оңтүстік Кореядағы және Қазақстандағы архив ісі тәжірибесінің жетекші мамандары болып табылады.
IV жазғы мектептің бірінші күні Ресейдің Тарихи-архивтік институтының Құжат айналымын қамтамасыз етудің автоматтандырылған жүйелері» кафедрасының меңгерушісі тарих ғылымдарының докторы, профессор М.Ларин «Электрондық құжаттарды архивтік сақтаудың өзекті мәселелері» «тақырыбында дәріс оқыды. Мария Складовска-Кюри университетінің (Польша) архивтану және көмекші тарихи пәндер кафедрасының доценті, PhD докторы А. Горак «Электрондық құжат мәселесін шешуде цифрлық дипломатияның ерекшеліктері», «ДИМИ-ЦЕНТР» ЖШҚ (Ресей) бас директорының орынбасары, тарих ғылымдарының докторы Ю. Юмашева «Архив құжаттарының түпнұсқаларын цифрландыруға қойылатын техникалық талаптар» баяндаманың тақырыптарын ұсынды.
Жазғы мектеп оқушылары құрамында ҚР ОМҒТҚА-ның бес жас архивистері бар.
Жазғы мектеп өз жұмысын келесі күніде жалғастырады.










Все новости

Жаңалықтар

Показать все
20 сәуір 2024 жыл
«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Алматыда 8 сәуір мен 8 мамыр аралығында «Алматы – біздің ортақ үйіміз» науқаны өтуде. Оның басты мақсаты - қалалық инфрақұрылымға ұқыпты қарау құндылығын қалыптастыру, халық арасында жоғары азаматтық жауапкершілік пен экологиялық мәдениетті тәрбиелеу, жеке экологиялық бастамаларды қолдау мен іске асыруға жағдай жасау.


15 сәуір 2024 жыл
2024 жылғы 15 сәуірде Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві дирекциясының кезекті отырысы өтті. Онда архивтегі құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету мәселелері, құжаттарды архивтік қоймаларда жылжыту және орналастыру, «ОМҒТҚА» республикалық мемлекеттік мекемесінде құжаттарды сақтау режимі мәселелері қарастырылды.


10 сәуір 2024 жыл
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлерінің «Архив-2025» бағдарламасы аясында Латвия Республикасының астанасы – Рига қаласындағы Латвия Ұлттық архиві мен мемлекеттік архивінде құжаттар анықтау бойынша іс-сапарлары барысында Латвияның Ұлттық архиві және Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві арасында Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.


08 сәуір 2024 жыл
Өмір деген өткінші, қас-қағым сәт деген сөздерді бүгін тағы еске салғандай, күні кеше ғана ортамызда жүрген әріптесіміз, ардақты азамат Печерских Владимир Еренеевич 66 жастан асқан шағында кенеттен дүниеден озды. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві атынан асыл азаматтың қайтыс болуына байланысты отбасына, ағайын-туыстарына қайғыра көңіл айтамыз.


Яндекс.Метрика Разработка и поддержка: ntd.kz