Новости:
24 маусым 2021 жылы
2021 жылы 23 маусымда ТМД елдерінің IV жазғы архивистер мектебі онлайн-форматта өз жұмысын жалғастырды.
Үшінші күні Кореяның Ұлттық архивінің қызметкері Д.Ким «Кореядағы электронды жазбаларды басқару: жүйелер мен стратегиялар» тақырыбында дәріс оқыды. Беларуссияның құжаттама және архив ісі ғылыми-зерттеу институтының директоры, доцент, т.ғ.к. А.Рыбаков «Беларусь Республикасында құжаттар мен архивтерді басқарудың ақпараттық жүйелерін әзірлеу және енгізу: архивистер мен IT мамандарының өзара іс-қимыл мәселелері», ҚР ОМҒТҚА директоры Б.Жұматаева «ҚР ОМҒТҚА ақпараттық іздеу жүйелері және электрондық құжаттардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудің өзекті мәселелері» тақырыбында сөз сөйледі, Қазақстан Республикасы Президенті архиві директорының орынбасары Ә.Мұстафина «Цифрлық әлемдегі архивтердің болашағы» баяндамасын ұсынды.
Соңында ТМД елдерінің жас архивистерінің IV жазғы мектебінің қорытындылары шығарылып, салтанатты жабылуы болды.






Все новости

Жаңалықтар

Показать все
22 сәуір 2024 жыл
2024 жылғы 22 сәуірде Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің Құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету және мемлекеттік есепке алу бөлімінің қызметкерлері әріптестеріне «Істер тізімдемелерін өңдеу және оларды жетілдіру (істер тізімдемелерін жетілдіру, олардың ақпаратты іздеу деңгейі мен сапасын арттыру)» тақырыбында өндірістік оқу өткізді.


20 сәуір 2024 жыл
«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Алматыда 8 сәуір мен 8 мамыр аралығында «Алматы – біздің ортақ үйіміз» науқаны өтуде. Оның басты мақсаты - қалалық инфрақұрылымға ұқыпты қарау құндылығын қалыптастыру, халық арасында жоғары азаматтық жауапкершілік пен экологиялық мәдениетті тәрбиелеу, жеке экологиялық бастамаларды қолдау мен іске асыруға жағдай жасау.


15 сәуір 2024 жыл
2024 жылғы 15 сәуірде Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві дирекциясының кезекті отырысы өтті. Онда архивтегі құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету мәселелері, құжаттарды архивтік қоймаларда жылжыту және орналастыру, «ОМҒТҚА» республикалық мемлекеттік мекемесінде құжаттарды сақтау режимі мәселелері қарастырылды.


10 сәуір 2024 жыл
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлерінің «Архив-2025» бағдарламасы аясында Латвия Республикасының астанасы – Рига қаласындағы Латвия Ұлттық архиві мен мемлекеттік архивінде құжаттар анықтау бойынша іс-сапарлары барысында Латвияның Ұлттық архиві және Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві арасында Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.


Яндекс.Метрика Разработка и поддержка: ntd.kz