Новости:
24 тамыз 2015 жыл
2015 ж. 26 тамызында Қазақ КСР Еңбек сіңірген сәулетшісі (1978), КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1971) және Ш. Уалиханов атындағы Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1980) Юрий Григорьевич Ратушныйдың (1935–1996) туғанына 80 жыл.
Ол көптеген жылдар бойы «Казгорстройпроект» институтында (қазіргі кезде –«KAZGOR» жобалау академиясы) еңбек етіп, қатардағы сәулетшіден бастап институттың бас сәулетшісі жолын жүріп өтті.
Ратушный қала құрылысы саласында бірқатар бірегей жобаларды дайындаған – тың кенттердің, аудандық орталықтардың, Қазақстанның облыстық қалаларының жобалары және т.б. Ол көптеген жобаланған және құрылған объектілердің авторлық ұжымдардың мүшесі және басшысы болды. Ратушныйдың авторлық ұжыммен бірге КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты болған ірі және бірегей құрылымдарының бірі В.И. Ленин атындағы Сарай (1970, Н. Рипинский, В. Алле, В. Ким, Л. Ухоботовтармен бірге; қазіргі кезде – Республика Сарайы). Сонымен қатар, Орталық Азия мен Қазақстанның ең биік және бірегей ғимаратының бірі – «Қазақстан» қонақ үйі (1978, Л. Ухоботовпен бірге). Ғимарат он балдық сейсмикалық белсенділікке есептелген. Бұл құрылыс үшін Юрий Ратушный (авторлық ұжымының құрамында) Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты болып марапатталды.
Ол Алматы қаласының көркін келтіретін Офицерлер үйінің, Республикалық саяси білім үйінің (1981, С. Ералиевпен бірге), қазіргі кезде – Бизнес орталығы), «Алатау» санаториясының және басқа ғимараттардың жобаларын дайындаған.
Естелік үшін Алматы қ. Жетісу ауданындағы көшеге сәулетшінің аты берілді (1997). Ол тұрған үйге мемориалдық тақта орнатылған.
Ю. Ратушныйдың құжаттары Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама мұрағатының № 139 жеке қор құрамында сақтауда жатыр.


Все новости

Жаңалықтар

Барлығын көрсету
26 қараша 2025 жыл
2025 жылдың 26 қарашасында Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлері Орталық мемлекеттік архив өткізген көрнекті ғалым, саяхатшы және этнограф Шоқан Уәлихановтың туғанына 190 жыл толуына орай ұйымдастырған «Ш. Уәлиханов пен Г.Н. Потанин» көрмеге қатысты.


10 қараша 2025 жыл
2025 жылғы 10 қарашада Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінде мекеменің негізгі қызметтерінің маңызды мәселелерін қарайтын алқалы органы болып табылатын дирекцияның кезекті отырысы өтті.


07 қараша 2025 жыл
«Архив-2025: архивтегі аманат» республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы аясында «Архив құжаттарын сканерлеу және цифрландыру» тақырыбында топтық семинар және мемлекеттік және ведомстволық архивтер қызметкерлері үшін «Е-Архив» АЖ жұмысы бойынша оқыту өтті.


06 қараша 2025 жыл
2025 жылғы 6 қарашада Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің директоры Жұматаева Баян Амантайқызы Қазақстан Республикасының Ұлттық архиві Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен өткізген «Архив-2025: архивтегі аманат» республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясына қатысты.


Яндекс.Метрика Разработка и поддержка: ntd.kz