Новости:
07 шілде 2021 жылы
2021 ж. 3 шілдеде ҚР ОМҒТҚА директоры Б. А. Жұматаева Нұр-Сұлтан қаласында өткен «Архив ісінің өзекті мәселелері және даму жоспарлары» атты республикалық кеңеске қатысты.
Кеңес Премьер-Министрдің орынбасары Е.Л. Тоғжановтың төрағалығымен, Мәдениет және спорт министрі А.Р. Райымқұлованың, Архив ісі және құжаттаманы басқару комитетінің төрағасы Қ, Бораштың, ҚР Парламент Мәжілісінің депутатарының, Республиканың мемлекеттік архивтер басшыларының, тарихшылардың, архив ісінің ардагерлерінің қатысуымен Қазақстан Республикасының Ұлттық архивінде өтті.
Кеңес барысында отандық архив саласының қазіргі жай-күйінің өзекті мәселелері, архив ісі және құжаттама саласындағы нормативтік-құқықтық базаны жетілдіру, архив мекемелерінің функцияларын автоматтандыру және заманауи ақпараттық технологияларды қолдану, «Архив-2025» кешенді жоспарын жүзеге асыру аясында мемлекеттік архивтерді материалдық-техникалық жабдықтау мәселелері талқыланды. Сонымен қатар, Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссия жұмысының нәтижелері және басқа да өзекті мәселелер баяндалды.
Іс-шара аясында архив ісінің дамуына елеулі үлес қосқан сала ардагерлерінің үлкен тобына «Архив саласының үздігі» төсбелгісі табыс етілді.







Все новости

Жаңалықтар

Показать все
28 наурыз 2024 жыл
Бүгінгі таңда мемлекетімізде шетел архивтері, ғылыми орталықтары мен кітапханаларында еліміздің тарихына қатысты тарихи мұрамыз болып табылатын құжаттарды анықтап, көшірмелерін алу үрдісі үлкен белең алуда.


27 наурыз 2024 жыл
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлері «Архив-2025» кешенді бағдарламасын іске асыру


23 наурыз 2024 жыл
Наурыз мерекесін аясында Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлері 2024 жылғы 23 наурызда архив аумағын қоқыстап тазарту, ағаштарды ақтау жұмыстарын жүргізді.


22 наурыз 2024 жыл
2024 жылдың 22 наурызы күні Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлері Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік архиві мен Орталық мемлекеттік кино-фотоқұжаттар мен дыбыс жазбалар архиві ұжымдарымен бастауын сан мыңдаған ғасырлардан алатын Наурыз мейрамын атап өтті.


Яндекс.Метрика Разработка и поддержка: ntd.kz