Новости:
26 тамыз 2021 жыл
2021 жылдың 26 тамызында ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің «Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві» РММ қызметкерлері өте маңызды тарихи құжатқа - Қазақ КСР Президентінің 1991 жылғы 29 тамыздағы № 409 «Семей ядролық полигонын жабу туралы» Жарлығына қол қойылғанына 30 жыл толуына арналған «Қазақстанның әлемдік экологияға қосқан тарихи үлесі» атты Дөңгелек үстелге онлайн түрде қатысты.
Іс-шараны Қазақстан Республикасы Президентінің архиві ұйымдастырды, онда осы құжаттың түпнұсқасы, сондай-ақ, осы мәселенің тарихын ашатын басқа да көптеген құжаттар сақталады.
Дөңгелек үстел отырысын ҚР Президенті архивінің директоры Д. Абдукадырова ашып, әрі қарай модераторы - ҚР Президенті архиві директорының орынбасары Қ. Әлімғазинов жүргізді.
Содан кейін, республиканың ғылыми орталықтарының басшылары, ғалымдар, тарихшылар, архивистер, қоғам қайраткерлері полигонның ашылу тарихы, ядролық қару сынақтары, олардың салдары мен зардап шеккендерді оңалтуы, «Невада-Семей» қоғамдық антиядролық қозғалысының пайда болуы және оның Семей полигонын жабудағы рөлі туралы баяндамалар мен хабарламалар жасады. Баяндамашылар арасында ОМҒТҚА директоры Б. Жұматаева болды.
Дөңгелек үстел қатысушыларына Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасының басқа да архивтерінен осы тақырып бойынша деректі виртуалды көрме ұсынылды.

Все новости

Жаңалықтар

Показать все
22 сәуір 2024 жыл
2024 жылғы 22 сәуірде Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің Құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету және мемлекеттік есепке алу бөлімінің қызметкерлері әріптестеріне «Істер тізімдемелерін өңдеу және оларды жетілдіру (істер тізімдемелерін жетілдіру, олардың ақпаратты іздеу деңгейі мен сапасын арттыру)» тақырыбында өндірістік оқу өткізді.


20 сәуір 2024 жыл
«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Алматыда 8 сәуір мен 8 мамыр аралығында «Алматы – біздің ортақ үйіміз» науқаны өтуде. Оның басты мақсаты - қалалық инфрақұрылымға ұқыпты қарау құндылығын қалыптастыру, халық арасында жоғары азаматтық жауапкершілік пен экологиялық мәдениетті тәрбиелеу, жеке экологиялық бастамаларды қолдау мен іске асыруға жағдай жасау.


15 сәуір 2024 жыл
2024 жылғы 15 сәуірде Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві дирекциясының кезекті отырысы өтті. Онда архивтегі құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету мәселелері, құжаттарды архивтік қоймаларда жылжыту және орналастыру, «ОМҒТҚА» республикалық мемлекеттік мекемесінде құжаттарды сақтау режимі мәселелері қарастырылды.


10 сәуір 2024 жыл
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлерінің «Архив-2025» бағдарламасы аясында Латвия Республикасының астанасы – Рига қаласындағы Латвия Ұлттық архиві мен мемлекеттік архивінде құжаттар анықтау бойынша іс-сапарлары барысында Латвияның Ұлттық архиві және Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві арасында Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.


Яндекс.Метрика Разработка и поддержка: ntd.kz