Новости:
14 қыркүйек 2021 жыл
2021 жылдың 14 қыркүйегінде Алматы қ. Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасында «Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві» РММ ұйымдастырған «Қазақстан - Халықаралық антиядролық қозғалыстың көшбасшысы» атты Дөңгелек үстел өткізілді.
Биыл Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өте маңызды тарихи құжатқа - Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы Президентінің 1991 жылғы 29 тамыздағы № 409 «Семей ядролық сынақ полигонын жабу туралы» Жарлығына қол қойғанына 30 жыл толды.
2021 ж. 5 қаңтарында «Egemen Qazaqstan» газетінде жарияланған Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» мақаласында келесі жоспарларды белгіледі: «1991 жылы Семей полигоны жабылды. Оның еліміз ғана емес, барша адамзаттың болашағы үшін айрықша маңызды шешім екенін ескеріп, арнайы іс-шара өткізу қажет деп санаймын. Елбасы қол қойған Жарлықтың арқасында Қазақстан бүкіл дүние жүзіне ядролық қару-жараққа қарсы әлемдік қозғалыстың көшбасшысы болып танылды, алып мемлекеттердің сеніміне ие болды, халықаралық қоғамдастықта жауапкершілігі жоғары ел ретінде мойындалды».
Осыған орай, Дөңгелек үстелде талқыланатын хабарлама мен баяндамалардың негізгі бағыттары: архив құжаттарында Қазақстандағы антиядролық қозғалыстың құрылуы мен жеткен жетістіктерінің тарихы, қазіргі уақытта антиядролық қозғалыстың өзектілігі, антиядролық қозғалыстың дамуына елеулі үлес қосқан тұлғалар туралы және т. б.
Карантин жағдайындағы Дөңгелек үстел отырысына қатысушылар мен қонақтардың бір бөлігі санитарлық нормаларды сақтай отырып офлайн-режимінде, бір бөлігі - онлайн-режимінде қатысты.
Дөңгелек үстел отырысын ОМҒТҚА директоры Б. А. Жұматаева ашты. ОМҒТҚА директоры өзінің алғы сөзінде Семей сынақ полигонының тарихына қысқаша тоқталып, қырық жылдық сынақтардан зардап шеккен өңірлерді оңалту Қазақстанда басты міндеттердің бірі болып қалатынын, оны шешу үшін мемлекет пен азаматтық қоғамның елеулі күш-жігері қажет екенін атап өтті.
Дөңгелек үстелге қатысушылар-антиядролық қозғалыстың ардагерлері, оқиғаның куәгерлері: Н.К. Бозтаев, Д.З. Игсатова, Д.С. Жұмаділ Есір, Т.Т. Аршабеков, Л.К Қадырова өз хабарламаларында жалпыұлттық трагедия – ядролық сынақтардың салдары, «Невада-Семей» қозғалысының пайда болуы, О. Сүлейменов, К. Бозтаевтың ядролық жарылыстарды тоқтатуға қосқан үлесі туралы айтты.
ҚР ОМҒТҚА қызметкерлері: Л.А. Ануарханова, С.О. Саблин, А.С. Абдрахманова, И.К. Ерғалиева, ҚР Президенті Архиві директорының көмекшісі М.Т. Жылгелдинов, ҚР ОМКФДЖА Ғылыми анықтамалық аппарат және құжаттарды ғылыми пайдалану бөлімінің басшысы Е.Ә. Толықбаева өз сөздерінде аталған архивтерде мемлекеттік сақтауда тұрған құжаттар, фильмдер, фотосуреттер, газеттер мен журналдар туралы хабардар етті.
Ж.А. Курмашева «Кинофокус: влияние последствий полигона на жизнь современных людей» атты деректі фильмінің қалай түсірілгенін айтып берді, онда Семей полигонына іргелес ауылдар тұрғындарының бүгінгі нақты болмысы көрсетілген.

Дөңгелек үстел аясында ОМҒТҚА ұжымы ағымдағы жылы шығарған «Из истории проектирования спортивных сооружений г. Алма-Аты (1950–1980-е гг.)» құжаттар мен материалдардың жаңа жинағының тұсаукесері өтті.
Оған ОМҒТҚА «Медеу» биік таулы спорт кешені, Балуан Шолақ атындағы спорт және мәдениет сарайы, Алматы қаласының Орталық стадионы, Динамо стадионы, Орталық бассейн, Шымбұлақ тау шаңғысы кешені, Алматау туристік базасы, сондай-ақ республиканың білім беру мекемелерінің бірқатар спорттық нысандары бойынша жобалау құжаттары кіргізілген. Жинаққа барлығы 107 құжат енгізілді, оның 27-сі графикалық. Барлық құжаттар бірінші рет жарияланды.
Басылымға ОМҒТҚА құжаттарынан басқа, ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Орталық мемлекеттік кино, фотоқұжаттар мен дыбыстық жазбалар архиві қорындағы фотоматериалдары кеңінен ұсынылды.
Дөңгелек үстел қатысушыларына «Семей ядролық полигоны ОМҒТҚА құжаттарында» атты және тақырып бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының қорларынан алынған кітаптар мен басылымдар көрмелері ұсынылды.
Іс-шараларға ғалымдар, тарихшылар, антиядролық қозғалыстың ардагерлері, қоғамдық қорлардың, Алматы қаласы басқармаларының басшылары, мемлекеттік архивтердің қызметкерлері және т. б. офлайн- және онлайн-түрінде қатысты.
Іс-шара соңында қатысушылар мен қонақтар Дөңгелек үстел жұмысының жемісті және табысты өткенін атап өтті, баяндамашылардың хабарламалары мазмұнды болды, ұсынылған ақпарат қатысушылар мен қонақтар үшін өзекті және қызықты болды.
Дөңгелек үстелдің белсенді қатысушылары алғыс хаттармен марапатталды.































Все новости

Жаңалықтар

Показать все
15 сәуір 2024 жыл
2024 жылғы 15 сәуірде Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві дирекциясының кезекті отырысы өтті. Онда архивтегі құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету мәселелері, құжаттарды архивтік қоймаларда жылжыту және орналастыру, «ОМҒТҚА» республикалық мемлекеттік мекемесінде құжаттарды сақтау режимі мәселелері қарастырылды.


10 сәуір 2024 жыл
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлерінің «Архив-2025» бағдарламасы аясында Латвия Республикасының астанасы – Рига қаласындағы Латвия Ұлттық архиві мен мемлекеттік архивінде құжаттар анықтау бойынша іс-сапарлары барысында Латвияның Ұлттық архиві және Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві арасында Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.


08 сәуір 2024 жыл
Өмір деген өткінші, қас-қағым сәт деген сөздерді бүгін тағы еске салғандай, күні кеше ғана ортамызда жүрген әріптесіміз, ардақты азамат Печерских Владимир Еренеевич 66 жастан асқан шағында кенеттен дүниеден озды. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві атынан асыл азаматтың қайтыс болуына байланысты отбасына, ағайын-туыстарына қайғыра көңіл айтамыз.


05 сәуір 2024 жыл
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлері Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 20 желтоқсандағы №953 қаулысымен бекітілген «Архив-2025» кешенді бағдарламасы бойынша шетел архивтерінен Қазақстан тарихына қатысты құжаттар мен материалдар көшірмелерін анықтау бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу мақсатында тарихи Латвия Республикасының астанасы – Рига қаласына барды.


Яндекс.Метрика Разработка и поддержка: ntd.kz