Новости:
28 тамыз 2015 жыл
2015 ж. 26 тамызында Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама мұрағаты қызметкерлері Қазақстан Республикасы Конституциясының 20 жылдығына және Қазақстан халықы Ассамблеясы жылына арналған «Менің елім. Менің отбасым. Менің тарихым» атты Қазақстан Республикасы орталық мемлекеттік музейінде өткізілген көрмеге қатысты.
Көрме ҚР Орталық мемлекеттік музейінің, Алматы қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясымен, Алматы қаласы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ, Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама мұрағаты, ҚР Орталық мемлекеттік мұрағаты, ҚР Орталық мемлекеттік кинофотоқұжаттар және дыбыс жазбалар мұрағатымен бірлесіп дайындалды.
Көрмеде ҚР Орталық мемлекеттік музейінің қорынан алынған фотоқұжаттар, кітаптар, жәдігерлер, ҚР Президентінің мұрағатынан, Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама мұрағатынан, ҚР Орталық мемлекеттік мұрағатынан, Орталық мемлекеттік кинофотоқұжаттар және дыбыс жазбалар мұрағатынан алынған құжаттар көшірмелері көрсетілді.
Қазақстан халқының еркіндігін, оның ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі болғандықтан, демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтыруға ұмтылуын, оның өмірін, құқығын және бостандығын бейнелейтін, барлық ұлттардың теңдігін заңды түрде бекітетін және этномәдени бірлестіктерді дамытуға мүмкіндік беретін мемлекетіміздің Ата Заңы – Қазақстан Республикасы Конституциясының тарихи рөлі мен саяси-құқықтық мәнін көрме экспонаттары айқын аша білді. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік жылдары түрлі ұлт өкілдерінің арасындағы достық қарым-қатынастарды дамытуға мүмкіндік берген Қазақстан халқы Ассамблеясының біріктіруші рөлі көрсетілген.
Көрменің салтанатты ашылу рәсімінде: ҚР Орталық мемлекеттік музейінің директоры Н. Әлімбай, Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Л.А Ни, Алматы қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының басшысы М.Ә. Абдалиева, Алматы қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары К.В. Мамсуров, ҚР Президенті мұрағатының бас сарапшысы Е.В. Чиликова сөз сөйлейді. Іс-шараға Алматы қаласы этномәдени ұйымдарының өкілдері, Алматы қаласы мәслихаты «Ынтымақ» депутаттық тобының мүшелері, Алматы қаласы ғылыми-сарапшы тобының мүшелері, Аналар кеңесі және Алматы қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы журналистер клубы қатысты.








Все новости

Жаңалықтар

Барлығын көрсету
10 ақпан 2025 жыл
Бүгін Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің Ақпарат және құжаттарды пайдалану бөлімінің біліктілігі жоғары деңгейдегі маман-архивші Саблин Сырым «Жеке тектік қорлардың құжаттары мен материалдарының құрамы. ОМҒТҚА-дағы жеке тектік қорлар құжаттарымен жұмыс жүргізу ережелері» тақырыбында өндірістік оқу өткізді.


31 қантар 2025 жыл
2025 жылғы 31 қаңтарда Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлері Орталық мемлекеттік архив өткізген тарих ғылымдарының докторы, профессор Х. Тұрсұнның, Қазақстанның «Әділет» тарихи-ағарту қоғамының ғылыми хатшысы С.Қ.Қожықованың және Қ.А. Ясауи атындағы ХҚТУ докторанты Х. Астың құрастыруымен жарық көрген «Қоңырқожа Қожықов – Ұлттық элитаның көрнекті өкілі» жинақтың таныстырылымына қатысты.


27 қантар 2025 жыл
2025 жылғы 24 қаңтарда Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің директоры Жұматаева Баян Амантайқызы Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің оқытушысы, А.Байтұрсынұлы атындағы қазақ тіл білімі кафедрасының доценті, филология ғылымдарының кандидаты Құлжанова Бақытгүл Райханқызымен


23 қантар 2025 жыл
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің биылғы Қазақстан халқына Жолдауында 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтары жылы» деп жариялады және тиісті Жарлыққа қол қойды.


Яндекс.Метрика Разработка и поддержка: ntd.kz