Новости:
22 қыркүйек 2021 жыл
Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлері 2021 жылдың 22 қыркүйегінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына және Қазақстан Республикасы Ұлттық архивінің 15 жылдығына арналған “Тәуелсіздік және Елбасы: жасампаздықтың жаңа тарихы" халықаралық ғылыми-практикалық конференциясының жұмысына онлайн-қатысты.

Конференция Назарбаев орталығында, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасында өтті. Конференция модераторы – ҚР Тұңғыш Президенті-Елбасы кітапханасының директоры, саяси ғылымдар кандидаты Б. Б. Темірболат, негізгі баяндамамен сөз сөйледі.

Пленарлық отырыста Түркия Республикасы, Ресей Федерациясы, Біріккен Араб Әмірліктері, Қырғыз Республикасы, Өзбекстан Республикасы және еліміздің архив және ғылыми мекемелерінің басшылары мен мамандары сөз сөйледі. Конференция қорытындысы бойынша Қарар қабылданды.









Все новости

Жаңалықтар

Показать все
15 сәуір 2024 жыл
2024 жылғы 15 сәуірде Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві дирекциясының кезекті отырысы өтті. Онда архивтегі құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету мәселелері, құжаттарды архивтік қоймаларда жылжыту және орналастыру, «ОМҒТҚА» республикалық мемлекеттік мекемесінде құжаттарды сақтау режимі мәселелері қарастырылды.


10 сәуір 2024 жыл
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлерінің «Архив-2025» бағдарламасы аясында Латвия Республикасының астанасы – Рига қаласындағы Латвия Ұлттық архиві мен мемлекеттік архивінде құжаттар анықтау бойынша іс-сапарлары барысында Латвияның Ұлттық архиві және Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві арасында Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.


08 сәуір 2024 жыл
Өмір деген өткінші, қас-қағым сәт деген сөздерді бүгін тағы еске салғандай, күні кеше ғана ортамызда жүрген әріптесіміз, ардақты азамат Печерских Владимир Еренеевич 66 жастан асқан шағында кенеттен дүниеден озды. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві атынан асыл азаматтың қайтыс болуына байланысты отбасына, ағайын-туыстарына қайғыра көңіл айтамыз.


05 сәуір 2024 жыл
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлері Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 20 желтоқсандағы №953 қаулысымен бекітілген «Архив-2025» кешенді бағдарламасы бойынша шетел архивтерінен Қазақстан тарихына қатысты құжаттар мен материалдар көшірмелерін анықтау бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу мақсатында тарихи Латвия Республикасының астанасы – Рига қаласына барды.


Яндекс.Метрика Разработка и поддержка: ntd.kz