Новости:
28 қазан 2021 жыл
Қазақстандық парламентаризмге – 25 жыл. Елдің саяси жүйесінің тарихы 1996 жылғы 30 қаңтарда Сенат пен Мәжілістен тұратын Қазақстан Республикасы қос палаталы Парламентінің алғашқы шақырылымының бірінші сессиясы өткен кезден бастау алады.
Тұңғыш Президент Н.Ә. Назарбаев ҚР Парламентін құруды ел шежіресі мен оның мемлекеттілігінің қалыптасу тарихындағы маңызды оқиға екендігін атап өтті. «Біз Қазақстанда шынайы, өркениетті парламентаризм құрудың алдында тұрмыз», – деді Елбасы.
Бүгінде Қазақстан Парламенті – ұлттық мемлекеттіліктің негіздерін бекітуде маңызды рөл атқаратын мемлекеттік билік органы. Депутаттардың басты міндеті – сапалы заңдар қабылдау және қоғамның өзекті мәселелерін шешу.
Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауындағы парламентшілерге арнаған сөзінде: Қос палата бірлесіп, елімізде жүйелі өзгерістер мен реформалар жасауға қажетті заңнамалық негіз қалыптастырды... Әрбір заң жобасының қыр-сырына терең үңіліп, оны сапалы дайындау керек. Сіздер халықтың мүддесін қорғау үшін әрдайым табандылық танытуға тиіссіздер», – деген болатын.
Елбасы кітапханасы қазақстандық парламентаризмнің 25 жылдығына орай Қазақстан Республикасы Парламентінің құрылуы мен даму тарихына арналған бейнеролик дайындады.

https://youtu.be/keO0UPgOD1o

Все новости

Жаңалықтар

Показать все
20 сәуір 2024 жыл
«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Алматыда 8 сәуір мен 8 мамыр аралығында «Алматы – біздің ортақ үйіміз» науқаны өтуде. Оның басты мақсаты - қалалық инфрақұрылымға ұқыпты қарау құндылығын қалыптастыру, халық арасында жоғары азаматтық жауапкершілік пен экологиялық мәдениетті тәрбиелеу, жеке экологиялық бастамаларды қолдау мен іске асыруға жағдай жасау.


15 сәуір 2024 жыл
2024 жылғы 15 сәуірде Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві дирекциясының кезекті отырысы өтті. Онда архивтегі құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету мәселелері, құжаттарды архивтік қоймаларда жылжыту және орналастыру, «ОМҒТҚА» республикалық мемлекеттік мекемесінде құжаттарды сақтау режимі мәселелері қарастырылды.


10 сәуір 2024 жыл
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлерінің «Архив-2025» бағдарламасы аясында Латвия Республикасының астанасы – Рига қаласындағы Латвия Ұлттық архиві мен мемлекеттік архивінде құжаттар анықтау бойынша іс-сапарлары барысында Латвияның Ұлттық архиві және Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві арасында Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.


08 сәуір 2024 жыл
Өмір деген өткінші, қас-қағым сәт деген сөздерді бүгін тағы еске салғандай, күні кеше ғана ортамызда жүрген әріптесіміз, ардақты азамат Печерских Владимир Еренеевич 66 жастан асқан шағында кенеттен дүниеден озды. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві атынан асыл азаматтың қайтыс болуына байланысты отбасына, ағайын-туыстарына қайғыра көңіл айтамыз.


Яндекс.Метрика Разработка и поддержка: ntd.kz