Новости:
04 қараша 2021 жыл
2021 жылдың 4 қарашасында Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінде Сараптау-тексеру және әдістемелік комиссиясының кезекті отырысы өтті. Отырыста келесі құжаттар қаралды: 1) «А.Н. Сызғанов атындағы хирургия ұлттық ғылыми орталығы» АҚ-ның Сараптау тексеру комиссиясының ережесі және Ведомстволық архив ережесі; 2) «Казсельэнергопроект» институты ЖШС-нің Сақтауға жатпайтын жоюға жіберілген жобалық-сметалық құжаттамасының актісі; 3) «Алтыналмас» АҚ-ның тұрақты сақталатын ғылыми-зерттеу, жобалау-сметалық, басқарма құжаттамаларының тізімдемелері, жеке құрам бойынша уақытша сақталатын құжаттамалардың тізімдемелері, тарихи анықтама, сонымен қатар сақтауға жатпайтын жоюға жіберілген құжаттардың актісі; 4) «Қазаэрожоба» ҒЗИ және жобалау институтының тұрақты сақталатын басқарма, жеке құрам бойынша уақытша сақталатын құжаттамаларының тізімдемелері, сақтауға жатпайтын жоюға жіберілген құжаттардың актісі; 5) «Академик Б.У. Джарбусынов атындағы урология ғылыми орталығының» тұрақты сақталатын басқарма, ғылыми-зерттеу құжаттамаларының тізімдемелері, жеке құрам бойынша уақытша сақталатын құжаттамалардың тізімдемесі, сақтауға жатпайтын жоюға жіберілген құжаттардың актісі; 6) «Казводпроиз» Қазақ мемлекеттік су іздестіру-жобалау трестінің тұрақты сақталатын басқарма құжаттамалының тізімдемесі; 7) «Геотехносервис» ЖШС-нің сақтауға жатпайтын жоюға жіберілген құжаттарының актісі.
Талқылау барысында СТӘК сарапшылары мен мүшелері құрастырушылар ұсынған құжаттарға өз ескертулерін айтты. Барлық құжаттар бойынша тиісті шешім қабылданды.

Все новости

Жаңалықтар

Показать все
22 сәуір 2024 жыл
2024 жылғы 22 сәуірде Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің Құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету және мемлекеттік есепке алу бөлімінің қызметкерлері әріптестеріне «Істер тізімдемелерін өңдеу және оларды жетілдіру (істер тізімдемелерін жетілдіру, олардың ақпаратты іздеу деңгейі мен сапасын арттыру)» тақырыбында өндірістік оқу өткізді.


20 сәуір 2024 жыл
«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Алматыда 8 сәуір мен 8 мамыр аралығында «Алматы – біздің ортақ үйіміз» науқаны өтуде. Оның басты мақсаты - қалалық инфрақұрылымға ұқыпты қарау құндылығын қалыптастыру, халық арасында жоғары азаматтық жауапкершілік пен экологиялық мәдениетті тәрбиелеу, жеке экологиялық бастамаларды қолдау мен іске асыруға жағдай жасау.


15 сәуір 2024 жыл
2024 жылғы 15 сәуірде Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві дирекциясының кезекті отырысы өтті. Онда архивтегі құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету мәселелері, құжаттарды архивтік қоймаларда жылжыту және орналастыру, «ОМҒТҚА» республикалық мемлекеттік мекемесінде құжаттарды сақтау режимі мәселелері қарастырылды.


10 сәуір 2024 жыл
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлерінің «Архив-2025» бағдарламасы аясында Латвия Республикасының астанасы – Рига қаласындағы Латвия Ұлттық архиві мен мемлекеттік архивінде құжаттар анықтау бойынша іс-сапарлары барысында Латвияның Ұлттық архиві және Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві арасында Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.


Яндекс.Метрика Разработка и поддержка: ntd.kz