ќаз
|
рус
Вход
_USERNAME 
_USERPASSWORD 
Авторизация пользователя
ОРТАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҒЫЛЫМИ-ТЕХНИКАЛЫҚ ҚҰЖАТТАМА
АРХИВI
 
_NEWS:
22 қараша 2021 жыл
ҚР ОМҒТҚА Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Архив істері және құжаттаманы басқару комитетімен бірлесіп «Қазақстан архивтері» анықтамалығының жаңартылған басылымын дайындап жарыққа шығарды.
Анықтамалық 2021 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық архив қорында сақталған құжаттардың құрамы мен мазмұнын, сонымен бірге, республикадағы архив мекемелерінің қызметі туралы ақпараттар мен басқа да мәліметтерді ашып көрсетеді.
Басылым құрылымдық жағынан үш бөлімнен тұрады: бірінші бөлімде – республикалық мемлекеттік архив мекемелері, екінші бөлімде – облыстық және үшінші бөлімде – қалалық мемлекеттік архивтер (астаналық, республикалық бағыныстағы қалалар және облыс орталықтары) туралы ақпарат орналастырылған.
Анықтамалықта ғылыми-анықтамалық аппарат алғы сөзбен және мәтінде кездесетін қысқартылған сөздердің тізімімен ұсынылған. Жинақта республиканың архив мекемелері ұсынған фотоматериалдар берілген.
Анықтамалықпен жұмыс жасағандар: Қ.Қ. Бораш, Г.Е. Қарсақбаева, Б.А. Жұматаева, Ж.Ә. Қаламбаева, В.Е. Печерских, Н. Тұрсынбек.
Бұл анықтамалық құрал көпшілік оқырман қауымға, зерттеушілерге, тарихшылар мен студенттерге арналған.





_ALLNEWS

Жаңалықтар

Показать все
26 қантар 2022 жыл
2022 ж. 25 қаңтарында Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлері Ж.А. Қаламбаева мен И.Қ. Ерғалиева ОМҒТҚА толықтыру көзі мекемесі - «АК «Алтыналмас» АҚ барды.


17 қантар 2022 жыл
Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві ұжымының жалпы жиналысы өтті, онда Мемлекет басшысы Қ.-Ж. К. Тоқаев, Қазақстан Республикасының Үкіметі республикадағы жағдайды қалыпқа келтіру бойынша қабылдап жатқан шаралар талқыланды.


14 қантар 2022 жыл
Біздің мемлекетіміз күрделі тарихи кезеңді бастан өткеріп жатқан кезде Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлері Мемлекет басшысы Қ.-Ж. К. Тоқаевтың жағдайды қалыпқа келтіру жөніндегі іс-әрекеттеріне толық қолдау көрсетеді.


28 желтоқсан 2021 жыл
Жаңа 2022 жыл қарсаңында Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің архив қызметкерлері арасында «Жылдың үздік архившісі» атағына байқаудың қорытындысы шығарылды. 2021 жылы бұл атақ Ақпарат және құжаттарды пайдалану бөлімінің біліктілігі жоғары деңгейдегі маман-архивисі Тұрсынбек Нұрдинаға берілді.


Яндекс.Метрика Web site engine code is Copyright ©2007-2008 by Kasseler CMS. All rights reserved.   Разработка и поддержка: neon-group