Новости:
10 желтоқсан 2021 жыл
2021 ж. 10 желтоқсанда ОМҒТҚА сараптау-тексеру және әдістемелік комиссиясының кезекті отырысы өтті, онда келесі мәселелер қаралды: 1) Басқару құжаттамасын тұрақты сақтау, жеке құрам бойынша уақытша сақтау істерінің және "Tau Development" ЖШС-ң жұмыстан шығарылған қызметкерлерінің жеке істерінің тізімдемелері; 2) Басқару құжаттамасын тұрақты сақтау, жеке құрам бойынша уақытша сақтау істерінің және "ONE Project" ЖШС жұмыстан шығарылған қызметкерлерінің жеке істерінің тізімдемелері; 3) "МұнайТас" Солтүстік-Батыс құбыр компаниясы " ЖШС ОМҒТҚА-ң жинақтау көздері тізіміне енгізу туралы анықтама; 4) "Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығы" АҚ сақтауға жатпайтын құжаттарды жоюға бөлу туралы Акт; 5) "Алтыналмас АК " АҚ-ның 2022 жылға арналған істер номенклатурасы; 6) "Қазақ Құрылыс және сәулет ғылыми-зерттеу және жобалау институты" АҚ-ның 2022 жылға арналған істер номенклатурасы; 7) "Қазақстан жол ғылыми-зерттеу институты" АҚ-ның 2022 жылға арналған істер номенклатурасы; 8) Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған көрменің тақырыптық-экспозициялық жоспары (Алматы қ. МА); 9) Жобалау құжаттамасының құндылығына іріктеуді және сараптаманы ұйымдастыру, жүргізу жөніндегі әдістемелік ұсынымдар; 10) Құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі әдістемелік ұсынымдар; 11) Жеке тектік құжаттармен жұмыс істеу жөніндегі әдістемелік ұсынымдар; 12) Ж. Керімбектің жеке текті қорының істер тізімдемесі.
Талқылау барысында сарапшылар мен СТӘК мүшелері ұсынылған құжаттар бойынша өз ескертулерін білдірді. Барлық құжаттар бойынша тиісті шешімдер қабылданды.

Все новости

Жаңалықтар

Показать все
15 сәуір 2024 жыл
2024 жылғы 15 сәуірде Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві дирекциясының кезекті отырысы өтті. Онда архивтегі құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету мәселелері, құжаттарды архивтік қоймаларда жылжыту және орналастыру, «ОМҒТҚА» республикалық мемлекеттік мекемесінде құжаттарды сақтау режимі мәселелері қарастырылды.


10 сәуір 2024 жыл
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлерінің «Архив-2025» бағдарламасы аясында Латвия Республикасының астанасы – Рига қаласындағы Латвия Ұлттық архиві мен мемлекеттік архивінде құжаттар анықтау бойынша іс-сапарлары барысында Латвияның Ұлттық архиві және Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві арасында Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.


08 сәуір 2024 жыл
Өмір деген өткінші, қас-қағым сәт деген сөздерді бүгін тағы еске салғандай, күні кеше ғана ортамызда жүрген әріптесіміз, ардақты азамат Печерских Владимир Еренеевич 66 жастан асқан шағында кенеттен дүниеден озды. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві атынан асыл азаматтың қайтыс болуына байланысты отбасына, ағайын-туыстарына қайғыра көңіл айтамыз.


05 сәуір 2024 жыл
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлері Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 20 желтоқсандағы №953 қаулысымен бекітілген «Архив-2025» кешенді бағдарламасы бойынша шетел архивтерінен Қазақстан тарихына қатысты құжаттар мен материалдар көшірмелерін анықтау бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу мақсатында тарихи Латвия Республикасының астанасы – Рига қаласына барды.


Яндекс.Метрика Разработка и поддержка: ntd.kz