Новости:
14 желтоқсан 2021 жыл
2021 ж.14 желтоқсанда ОМҒТҚА директорының орынбасары М. Б. Шегебаев Орталық мемлекеттік кинофотоқұжаттар және дыбыс жазу мұрағатының Жеке текті қорларынан фотоқұжаттар бойынша жолсілтемені таныстыруға қатысты.
Өзінің қысқаша сөз сөйлеуінде ол әріптестерін алдағы мемлекеттік мереке – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік Күнімен, сондай-ақ құжаттық жинақтарды, жекелеген жарияланымдарды, құжаттар көрмесін дайындау кезінде мұрағатшылар мен зерттеушілердің сұранысына ие болатын бірегей басылымның шығуымен құттықтады.
Сонымен қатар, ОМҒТҚА өз басылымдарын дайындау кезінде ОМКФДЖА-дағы әріптестеріне архив қорларынан фото және бейнематериалдар беру туралы бірнеше рет өтініш білдіргені айтылды. Және бұл сұраулар әрқашан жедел және сапалы орындалды. ОМҒТҚА ұжымының атынан ол ОМКФДЖА-ң бүкіл ұжымына ынтымақтастығы үшін алғысын білдірді және осы құнды басылымның жарыққа шығуымен тағы да құттықтады.








Все новости

Жаңалықтар

Показать все
15 сәуір 2024 жыл
2024 жылғы 15 сәуірде Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві дирекциясының кезекті отырысы өтті. Онда архивтегі құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету мәселелері, құжаттарды архивтік қоймаларда жылжыту және орналастыру, «ОМҒТҚА» республикалық мемлекеттік мекемесінде құжаттарды сақтау режимі мәселелері қарастырылды.


10 сәуір 2024 жыл
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлерінің «Архив-2025» бағдарламасы аясында Латвия Республикасының астанасы – Рига қаласындағы Латвия Ұлттық архиві мен мемлекеттік архивінде құжаттар анықтау бойынша іс-сапарлары барысында Латвияның Ұлттық архиві және Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві арасында Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.


08 сәуір 2024 жыл
Өмір деген өткінші, қас-қағым сәт деген сөздерді бүгін тағы еске салғандай, күні кеше ғана ортамызда жүрген әріптесіміз, ардақты азамат Печерских Владимир Еренеевич 66 жастан асқан шағында кенеттен дүниеден озды. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві атынан асыл азаматтың қайтыс болуына байланысты отбасына, ағайын-туыстарына қайғыра көңіл айтамыз.


05 сәуір 2024 жыл
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлері Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 20 желтоқсандағы №953 қаулысымен бекітілген «Архив-2025» кешенді бағдарламасы бойынша шетел архивтерінен Қазақстан тарихына қатысты құжаттар мен материалдар көшірмелерін анықтау бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу мақсатында тарихи Латвия Республикасының астанасы – Рига қаласына барды.


Яндекс.Метрика Разработка и поддержка: ntd.kz