Новости:
21 желтоқсан 2021 жыл
2021 ж. 20 желтоқсанда кәсіби мереке – Қазақстан Республикасының Архивистер күні қарсаңында ҚР Президенті Архивінде ОМҒТҚА мен ҚР ПА архивистерінің кездесуі өтті.
Іс-шара алдында ҚР ПА қызметкерлері өз әріптестерін Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай дайындаған құжаттық көрме экспозициясымен таныстырды.
Одан кейін ҚР ПА Үлкен залында архивистердің кездесуі өтіп, оның барысында архивтердің кәсіби қызметінің кең ауқымды мәселелері талқыланды. Іс-шара аясында екі архив қызметкерлері дайындаған жаңа басылымдарын ұсынып ОМҒТҚА архивистері «Қазақстан архивтері» анықтамасымен, ҚР ПА қызметкерлері ҚР Президенті Архивінің қорлары бойынша жасалған жолсілтерімен таныстырып өтті. Екі басылым да осы жылы жарық көрді.
Іс-шараға белгілі ғалым, «Арыс» қоғамдық қорының төрағасы, филология ғылымдарының докторы, саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі ҚР Мемлекеттік комиссиясының мүшесі Г.К. Анес қатысты. Өз сөзінде ол осы комиссия мүшелері атқарған және әлі де орындалуы тиіс жұмыстар туралы айтып берді.
Кездесуді қорытындылай келе, екі архив басшылары Д.Ю. Әбдіқадырова мен Б. А. Жұматаева осындай кәсіби кездесулердің пайдалы екенін және жиі өткізу қажеттігін атап өтті.










Все новости

Жаңалықтар

Показать все
22 сәуір 2024 жыл
2024 жылғы 22 сәуірде Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің Құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету және мемлекеттік есепке алу бөлімінің қызметкерлері әріптестеріне «Істер тізімдемелерін өңдеу және оларды жетілдіру (істер тізімдемелерін жетілдіру, олардың ақпаратты іздеу деңгейі мен сапасын арттыру)» тақырыбында өндірістік оқу өткізді.


20 сәуір 2024 жыл
«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Алматыда 8 сәуір мен 8 мамыр аралығында «Алматы – біздің ортақ үйіміз» науқаны өтуде. Оның басты мақсаты - қалалық инфрақұрылымға ұқыпты қарау құндылығын қалыптастыру, халық арасында жоғары азаматтық жауапкершілік пен экологиялық мәдениетті тәрбиелеу, жеке экологиялық бастамаларды қолдау мен іске асыруға жағдай жасау.


15 сәуір 2024 жыл
2024 жылғы 15 сәуірде Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві дирекциясының кезекті отырысы өтті. Онда архивтегі құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету мәселелері, құжаттарды архивтік қоймаларда жылжыту және орналастыру, «ОМҒТҚА» республикалық мемлекеттік мекемесінде құжаттарды сақтау режимі мәселелері қарастырылды.


10 сәуір 2024 жыл
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлерінің «Архив-2025» бағдарламасы аясында Латвия Республикасының астанасы – Рига қаласындағы Латвия Ұлттық архиві мен мемлекеттік архивінде құжаттар анықтау бойынша іс-сапарлары барысында Латвияның Ұлттық архиві және Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві арасында Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.


Яндекс.Метрика Разработка и поддержка: ntd.kz