Новости:
22 желтоқсан 2021 жыл
2021 жылдың 14 желтоқсанында, ОМҒТҚА қызметкерлері М.Бейсембаева, А.Кайыпжанова және Н.Тұрсынбек Шымкент қаласында өткен, ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына мен Түркістан облысындағы архив ісіне 95 жыл толуына орай ұйымдастырылған «Архивтік дереккөздер – өткенге қарап болашаққа сенімді қадам басу негізі» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысып, «ҚР Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметі және оның маңызы», «ОМҒТҚА жетістіктері мен перспективалар», «Ғылыми-техникалық құжаттама – отандық ғылым-техника тарихын зерттеудегі құнды дереккөз» тақырыбында баяндама жасады. Бұл жиынға тек өз еліміздің ғана емес, көршілес Өзбекстан және Қырғызстан мемлекеттерінен жоғары деңгейлі архивист мамандар онлайн және оффлайн форматта қатысып, архивтердің қызметін саралап, бүгінгі таңдағы материалдық базасының заманауи тұрғыда жабдықталуы, біріңғай архивтік база жөнінде келелі мәселелерді талқылады.







Все новости

Жаңалықтар

Показать все
22 сәуір 2024 жыл
2024 жылғы 22 сәуірде Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің Құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету және мемлекеттік есепке алу бөлімінің қызметкерлері әріптестеріне «Істер тізімдемелерін өңдеу және оларды жетілдіру (істер тізімдемелерін жетілдіру, олардың ақпаратты іздеу деңгейі мен сапасын арттыру)» тақырыбында өндірістік оқу өткізді.


20 сәуір 2024 жыл
«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Алматыда 8 сәуір мен 8 мамыр аралығында «Алматы – біздің ортақ үйіміз» науқаны өтуде. Оның басты мақсаты - қалалық инфрақұрылымға ұқыпты қарау құндылығын қалыптастыру, халық арасында жоғары азаматтық жауапкершілік пен экологиялық мәдениетті тәрбиелеу, жеке экологиялық бастамаларды қолдау мен іске асыруға жағдай жасау.


15 сәуір 2024 жыл
2024 жылғы 15 сәуірде Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві дирекциясының кезекті отырысы өтті. Онда архивтегі құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету мәселелері, құжаттарды архивтік қоймаларда жылжыту және орналастыру, «ОМҒТҚА» республикалық мемлекеттік мекемесінде құжаттарды сақтау режимі мәселелері қарастырылды.


10 сәуір 2024 жыл
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлерінің «Архив-2025» бағдарламасы аясында Латвия Республикасының астанасы – Рига қаласындағы Латвия Ұлттық архиві мен мемлекеттік архивінде құжаттар анықтау бойынша іс-сапарлары барысында Латвияның Ұлттық архиві және Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві арасында Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.


Яндекс.Метрика Разработка и поддержка: ntd.kz