Новости:
16 қыркүйек 2015 жыл
2015 ж. 15 қыркүйегінде Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама мұрағатына Қазақ КСР еңбек сіңірген құрылысшысы, Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, профессор Қазақ сәулет-құрылыс академиясының құрметті профессоры, «KAZGOR» жобалық академиясының академигі Владимир Рафаилович Краснянский келген. Кәсіби инженер-құрылысшы, мастер және прораб қызметінен бастап Мемлекеттік құрылыс комитеті төрағасының орынбасары, Қазақ КСР монтаж және арнайы құрылыс жұмыстары министрлігі министрінің орынбасары жолын жүріп өтті.
Владимир Рафаилович Шығыс Қазақстан облысындағы ет комбинаты, машиналар мен кірпіш зауыттарын іске қосуға, Семей цемент зауытының, Ертіс мыс балқыту зауытының, Лениногор полиметалл комбинаты нысандарының құрылысына, Өскемен қорғасын-мырыш зауытын қалпына келтіруге және басқаларына тікелей қатысы болды. В.Р. Краснянский жер сілкінісіне төзімді биік «Қазақстан» қонақүйінің бірегей жоба құрылысына технологиялық жаңалықтарды енгізушілердің бірі болды. Оның әріптестерінің арасында- құрастырушылар А. Деев, Н. Матвиец, сәулетшілер Л. Ухоботов, Ю. Ратушный. Жобаға В. Краснянский өзінің ұстазы ретінде санайтын атақты ғалым Т. Жүнісов қатысты. Краснянский қызмет барысында көптеген мемлекет қайраткерлерімен, белгiлi тұлғалармен: А.А. Асқаров, Э.Х. Гукасов, А.Г. Баталов, Ю.А. Гагарин, Л.Г. Жуков, А.Г. Коркин, Д.А. Қонаев, А.А. Кулибаев, Г.М. Маленков және басқалармен араласты. Өз уақытында Н.А. Назарбаев кейбір эксперименталды жобаларды іске асыруға В.Р. Краснянскийге қолдау көрсетті.
2002–2009 жж. В.Р. Краснянский «Корпорация ВЕК» ЖШС вице-президенті, одан кейін кеңесші ретінде қызмет атқарды. «Корпорация ВЕК» ЖШС «ЖСК» ЖШС бірлесіп құрылыс саласының ауыр дағдарыс жағдайында, мемлекеттік және жеке инвестицияларды күтпестен, Алматыда банктердің несиелік ресурстарына құрылыс қызметін ұйымдастыруда алғашқылардың бірі болған.
Қазіргі кезде Владимир Рафаилович «Казхиммонтажхолдинг» АҚ вице-президенті ретінде жұмысын жалғастырып жатыр.
В.Р. Краснянский мұрағат ұжымымен кездесу барысында мұрағаттың қоймаларымен, оқу залымен, көрмелерімен, басылымдарымен танысты. Мұрағатшылар қонаққа Жеке қор құжаттары бойынша аңдатпалық жолсілтерді сыйласа, Владимир Рафаилович «Страницы жизни» атты естеліктер кітабын сыйлады.










Все новости

Жаңалықтар

Показать все
22 сәуір 2024 жыл
2024 жылғы 22 сәуірде Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің Құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету және мемлекеттік есепке алу бөлімінің қызметкерлері әріптестеріне «Істер тізімдемелерін өңдеу және оларды жетілдіру (істер тізімдемелерін жетілдіру, олардың ақпаратты іздеу деңгейі мен сапасын арттыру)» тақырыбында өндірістік оқу өткізді.


20 сәуір 2024 жыл
«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Алматыда 8 сәуір мен 8 мамыр аралығында «Алматы – біздің ортақ үйіміз» науқаны өтуде. Оның басты мақсаты - қалалық инфрақұрылымға ұқыпты қарау құндылығын қалыптастыру, халық арасында жоғары азаматтық жауапкершілік пен экологиялық мәдениетті тәрбиелеу, жеке экологиялық бастамаларды қолдау мен іске асыруға жағдай жасау.


15 сәуір 2024 жыл
2024 жылғы 15 сәуірде Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві дирекциясының кезекті отырысы өтті. Онда архивтегі құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету мәселелері, құжаттарды архивтік қоймаларда жылжыту және орналастыру, «ОМҒТҚА» республикалық мемлекеттік мекемесінде құжаттарды сақтау режимі мәселелері қарастырылды.


10 сәуір 2024 жыл
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлерінің «Архив-2025» бағдарламасы аясында Латвия Республикасының астанасы – Рига қаласындағы Латвия Ұлттық архиві мен мемлекеттік архивінде құжаттар анықтау бойынша іс-сапарлары барысында Латвияның Ұлттық архиві және Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві арасында Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.


Яндекс.Метрика Разработка и поддержка: ntd.kz