Новости:
07 қазан 2015 жыл
Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама мұрағаты «KAZGOR» жобалық академиясының 85-жылдығына арналған құжаттық көрме дайындады.
Экспозицияда оның үш қызметкерінің жеке қорларынан алынған құжаттар көрсетілген: Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген құрылысшысы А.Ш. Татығұлов (Қ. 140), Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген архитекторы Ю.Г. Ратушный (Қ. 139) және Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген құрылысшысы А.К. Деев (Қ. 95).
Ол «Казгоспроекттен Казгоспромпроектке қайта құру» және оны айналым қаражатымен бөлу туралы КАКСР Халықтық Комиссарлар Кеңесі мәжілісінің қаулысы 1932 ж.; институттың авторлық ұжымының еңбектері «От проектной конторы до проектных институтов: Қазақ КСР-дағы тұрмыстық-азаматтық құрылыс жобасы тарихынан», А.Ш. Татыгулов «KAZGOR» – зеркало казахстанской архитектуры»; Академик А.Ш. Татыгулов. Құжаттар мен материалдар жинағы, 2010 ж.; Ұлдары-Татығұлов Айдардың үлгілі тәрбиесі үшін әскери бөлім қолбасшылығының алғыс хаты. [1985ж.]; Ю.Г. Ратушныйдың КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты және архитектура саласында Ш. Уалиханов атындағы Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты дипломдары. 1971–1980 жж.; 1932 ж. А.К. Деевке берілген Казақ мемлекеттік өнеркәсіптік жобалық тресі «Казгоскомпроект» жанында курстарын бітіргені туралы куәлік, сонымен қатар «KAZGOR» жобалық академия ұжымы қызметкерлерінің әр жылдардағы суреттері.
Көрмеде көрсетілген барлық құжаттар, Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама мұрағатында тұрақты мемлекеттік сатауда. Көрме «KAZGOR» жобалық академиясы ғимаратында көрсетіледі.






Все новости

Жаңалықтар

Показать все
15 сәуір 2024 жыл
2024 жылғы 15 сәуірде Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві дирекциясының кезекті отырысы өтті. Онда архивтегі құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету мәселелері, құжаттарды архивтік қоймаларда жылжыту және орналастыру, «ОМҒТҚА» республикалық мемлекеттік мекемесінде құжаттарды сақтау режимі мәселелері қарастырылды.


10 сәуір 2024 жыл
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлерінің «Архив-2025» бағдарламасы аясында Латвия Республикасының астанасы – Рига қаласындағы Латвия Ұлттық архиві мен мемлекеттік архивінде құжаттар анықтау бойынша іс-сапарлары барысында Латвияның Ұлттық архиві және Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві арасында Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.


08 сәуір 2024 жыл
Өмір деген өткінші, қас-қағым сәт деген сөздерді бүгін тағы еске салғандай, күні кеше ғана ортамызда жүрген әріптесіміз, ардақты азамат Печерских Владимир Еренеевич 66 жастан асқан шағында кенеттен дүниеден озды. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві атынан асыл азаматтың қайтыс болуына байланысты отбасына, ағайын-туыстарына қайғыра көңіл айтамыз.


05 сәуір 2024 жыл
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлері Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 20 желтоқсандағы №953 қаулысымен бекітілген «Архив-2025» кешенді бағдарламасы бойынша шетел архивтерінен Қазақстан тарихына қатысты құжаттар мен материалдар көшірмелерін анықтау бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу мақсатында тарихи Латвия Республикасының астанасы – Рига қаласына барды.


Яндекс.Метрика Разработка и поддержка: ntd.kz