Новости:
08 қазан 2015 жыл
1931 ж. 10 қазанында Кемер облысы Кемер ауданы Боровушкино ауылында Борис Петрович Шах туылды. 1959 ж. Қазақ ауылшаруашылық институтын агроном мамандығы бойынша бітірген соң өз еңбек қызметін Целиноград облысындағы бір шаруашылықтан бастады, содан кейін «Ақсай» тәжірибелі шаруашылығында жоғарғы агроном және Алма-Ата облысындағы «Кастек» совхозында бас агроном болып жұмыс істеді.1963 ж. дәрілік шөптерді өңдеу кешені мәселелері бойынша кандидаттық диссертациясын қорғады. Семей Мемлекеттік облыстық ауылшаруашылық тәжірибе станциясында директордың орынбасары, Қазақ КСР ауылшаруашылығы министрлігінің ғылым Басқармасында бас маман болып жұмыс істеді.1965–1973 жж. – КазҒЗИ жемістендіру тәжірибелі шаруашылық (Қордай ауданы, Жамбыл облысы) директоры, 1973–1975 жж. ҚазАШИ «Джаңашар» оқу-тәжірибелік шаруашылық директоры. Б.П. Шахтың басшылығымен ол экономикалық көрсеткіші жағынан мықты оқу шаруашылығының бірі болды.1975–1985 жж. Батыс Қазақстан АШИ ректоры, 1985–1991 жж. Қазақ ауылшаруашылық институты ректоры. Батыс Қазақстандағы көктемдік және қыстық бидай өсірудің қарқынды технологиясын және топырақты өңдеу жүйесінің салыстырмалы тиімділігін зерделеу бойынша ғылыми зерттеуді басқарды. Эксперименттік жұмыстың қорытындылары бойынша 60-тан аса ғылыми мақалалар және ауыл шаруашылығы жоғарғы оқу орындары студенттеріне арналған үш кітап жариялады. Ленин және Дружбы народов ордендерімен, бірқатар медальдармен, Грамоталармен және ҚазақКСР Жоғарғы Кеңесі Президиумының Құрмет грамотасымен марапатталған. Қазіргі таңда еңбек демалысында.




Все новости

Жаңалықтар

Показать все
15 сәуір 2024 жыл
2024 жылғы 15 сәуірде Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві дирекциясының кезекті отырысы өтті. Онда архивтегі құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету мәселелері, құжаттарды архивтік қоймаларда жылжыту және орналастыру, «ОМҒТҚА» республикалық мемлекеттік мекемесінде құжаттарды сақтау режимі мәселелері қарастырылды.


10 сәуір 2024 жыл
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлерінің «Архив-2025» бағдарламасы аясында Латвия Республикасының астанасы – Рига қаласындағы Латвия Ұлттық архиві мен мемлекеттік архивінде құжаттар анықтау бойынша іс-сапарлары барысында Латвияның Ұлттық архиві және Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві арасында Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.


08 сәуір 2024 жыл
Өмір деген өткінші, қас-қағым сәт деген сөздерді бүгін тағы еске салғандай, күні кеше ғана ортамызда жүрген әріптесіміз, ардақты азамат Печерских Владимир Еренеевич 66 жастан асқан шағында кенеттен дүниеден озды. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві атынан асыл азаматтың қайтыс болуына байланысты отбасына, ағайын-туыстарына қайғыра көңіл айтамыз.


05 сәуір 2024 жыл
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлері Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 20 желтоқсандағы №953 қаулысымен бекітілген «Архив-2025» кешенді бағдарламасы бойынша шетел архивтерінен Қазақстан тарихына қатысты құжаттар мен материалдар көшірмелерін анықтау бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу мақсатында тарихи Латвия Республикасының астанасы – Рига қаласына барды.


Яндекс.Метрика Разработка и поддержка: ntd.kz