Новости:
25 мамыр 2022 жыл
2022 жылғы 24 мамырда Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің директоры Б.А. Жұматаева Түркия Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік архив басқармасының директоры, профессор, доктор Угур Уналмен кездесті. Кездесу барысында ол түрік әріптесін Қазақстан делегациясының Түркия Республикасына келуінің негізгі мақсаты туралы хабардар етті, сондай-ақ ҚР ОМҒТҚА қызметінің негізгі бағыттары мен жетістіктері туралы айтты. Бұған дейін Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Түркияға мемлекеттік сапары аясында ҚР Мәдениет және спорт министрі Д.Абаев ҚР Мәдениет және спорт министрлігі мен Түркия Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік архив басқармасы арасындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойған болатын.
Сондай-ақ, Б. А. Жұматаеваның түрік тарихшысы, профессор А. Қарамен де кездесуі өтті









Все новости

Жаңалықтар

Показать все
15 сәуір 2024 жыл
2024 жылғы 15 сәуірде Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві дирекциясының кезекті отырысы өтті. Онда архивтегі құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету мәселелері, құжаттарды архивтік қоймаларда жылжыту және орналастыру, «ОМҒТҚА» республикалық мемлекеттік мекемесінде құжаттарды сақтау режимі мәселелері қарастырылды.


10 сәуір 2024 жыл
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлерінің «Архив-2025» бағдарламасы аясында Латвия Республикасының астанасы – Рига қаласындағы Латвия Ұлттық архиві мен мемлекеттік архивінде құжаттар анықтау бойынша іс-сапарлары барысында Латвияның Ұлттық архиві және Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві арасында Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.


08 сәуір 2024 жыл
Өмір деген өткінші, қас-қағым сәт деген сөздерді бүгін тағы еске салғандай, күні кеше ғана ортамызда жүрген әріптесіміз, ардақты азамат Печерских Владимир Еренеевич 66 жастан асқан шағында кенеттен дүниеден озды. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві атынан асыл азаматтың қайтыс болуына байланысты отбасына, ағайын-туыстарына қайғыра көңіл айтамыз.


05 сәуір 2024 жыл
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлері Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 20 желтоқсандағы №953 қаулысымен бекітілген «Архив-2025» кешенді бағдарламасы бойынша шетел архивтерінен Қазақстан тарихына қатысты құжаттар мен материалдар көшірмелерін анықтау бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу мақсатында тарихи Латвия Республикасының астанасы – Рига қаласына барды.


Яндекс.Метрика Разработка и поддержка: ntd.kz