27 мамырда Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлері А.Т. Көпешов, С.О. Саблин және А.А. Тұрсыналиева «Архив-2025» кешенді бағдарламасын іске асыру шеңберінде Польша Республикасының архивтнрінде Қазақстан тарихы бойынша құжаттар мен материалдарды анықтау және көшірмелерін алу жұмыстарын аяқтады. Іс-сапар барысында Польша Республикасының Жаңа актілер архивіндегі, Ұлттық Цифрлық архивіндегі және Ежелгі актілер архивіндегі құжаттарды анықтау жұмыстары жүргізілді. Архивтерден бөлек, Польшаның Ұлттық кітапханасында да іздеу жұмыстары жүргізілді.
Бүгінгі таңда мемлекетімізде шетел архивтері, ғылыми орталықтары мен кітапханаларында еліміздің тарихына қатысты тарихи мұрамыз болып табылатын құжаттарды анықтап, көшірмелерін алу үрдісі үлкен белең алуда.
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлері «Архив-2025» кешенді бағдарламасын іске асыру
Наурыз мерекесін аясында Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлері 2024 жылғы 23 наурызда архив аумағын қоқыстап тазарту, ағаштарды ақтау жұмыстарын жүргізді.
2024 жылдың 22 наурызы күні Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлері Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік архиві мен Орталық мемлекеттік кино-фотоқұжаттар мен дыбыс жазбалар архиві ұжымдарымен бастауын сан мыңдаған ғасырлардан алатын Наурыз мейрамын атап өтті.