Новости:
03 маусым 2022 жыл
2022 жылдың 3 маусымында Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінде 2022 жылғы 5 маусымда өтетін "Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы бойынша алдағы республикалық референдумға арналған іс-шара өтті.
ОМҒТҚА директоры Б.А. Жұматаева жиналғандарды Қазақстан Республикасындағы конституциялық реформалардың тарихымен, оның ішінде 1993 жылғы егемен Қазақстанның бірінші Конституциясымен, 1995 жылғы екінші Конституциясымен және одан кейінгі жылдары енгізілген өзгерістермен таныстырды. Одан бөлек, алдағы референдумға енгізілген түзетулерге тоқталды. Сондай-ақ, дауыс беру тәртібінің негізгі ережелері айтылды.
Сөз соңында Б.А. Жұматаева баршаны, ең алдымен, жастарды өздерінің конституциялық құқығын пайдалануға, дауыс беру үшін учаскелерге келуге және Мемлекет басшысы ұсынған конституциялық реформаға өз дауыстарын беруге шақырды.
Іс шараға архив қызметкерлері және ОМҒТҚА өндірістік тәжірибеден өтуші әл Фараби атындағы ҚазҰУ студенттері қатысты.





Все новости

Жаңалықтар

Показать все
22 сәуір 2024 жыл
2024 жылғы 22 сәуірде Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің Құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету және мемлекеттік есепке алу бөлімінің қызметкерлері әріптестеріне «Істер тізімдемелерін өңдеу және оларды жетілдіру (істер тізімдемелерін жетілдіру, олардың ақпаратты іздеу деңгейі мен сапасын арттыру)» тақырыбында өндірістік оқу өткізді.


20 сәуір 2024 жыл
«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Алматыда 8 сәуір мен 8 мамыр аралығында «Алматы – біздің ортақ үйіміз» науқаны өтуде. Оның басты мақсаты - қалалық инфрақұрылымға ұқыпты қарау құндылығын қалыптастыру, халық арасында жоғары азаматтық жауапкершілік пен экологиялық мәдениетті тәрбиелеу, жеке экологиялық бастамаларды қолдау мен іске асыруға жағдай жасау.


15 сәуір 2024 жыл
2024 жылғы 15 сәуірде Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві дирекциясының кезекті отырысы өтті. Онда архивтегі құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету мәселелері, құжаттарды архивтік қоймаларда жылжыту және орналастыру, «ОМҒТҚА» республикалық мемлекеттік мекемесінде құжаттарды сақтау режимі мәселелері қарастырылды.


10 сәуір 2024 жыл
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлерінің «Архив-2025» бағдарламасы аясында Латвия Республикасының астанасы – Рига қаласындағы Латвия Ұлттық архиві мен мемлекеттік архивінде құжаттар анықтау бойынша іс-сапарлары барысында Латвияның Ұлттық архиві және Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві арасында Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.


Яндекс.Метрика Разработка и поддержка: ntd.kz