Новости:
09 маусым 2022 жыл
2022 жылдың 9 маусымында, Халықаралық архивтер күніне орай ҚР ОМҒТҚА Ашық есік күні өтті. Алматы қаласының № 134 лицейінің оқушылары республиканың жетекші архивтерінің бірімен және оның қызметімен жақынырақ танысуға мүмкіндік алды. Осы мақсатта архив қызметкерлері ОМҒТҚА қорының бірегей құжаттарынан жобаланып жатқан ғимараттардың макеттерін, архив ұжымы өзі жұмыс істеген жылдар ішінде дайындаған ғылыми өнімдерден көрме дайындады. Сонымен қатар, оқушылар құжаттарды архив қоймасында сақтау шарттарымен танысты.
Архив қалашығының акт залында лицей мен архив арасында өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды. Лицей оқушылары мен өндірістік тәжірибеден өтуші әл Фараби атындағы ҚазҰУ студенттері архив қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтап, сыйлық ретінде бірнеше көркем шығармашылықтарымен концерттік бағдарлама көрсетті.
Мерекелік іс шараға Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің архив істері және құжаттаманы басқару комитетінің төрағасының орынбасары Г. Е. Қарсақбаева қатысты.














Все новости

Жаңалықтар

Показать все
28 наурыз 2024 жыл
Бүгінгі таңда мемлекетімізде шетел архивтері, ғылыми орталықтары мен кітапханаларында еліміздің тарихына қатысты тарихи мұрамыз болып табылатын құжаттарды анықтап, көшірмелерін алу үрдісі үлкен белең алуда.


27 наурыз 2024 жыл
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлері «Архив-2025» кешенді бағдарламасын іске асыру


23 наурыз 2024 жыл
Наурыз мерекесін аясында Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлері 2024 жылғы 23 наурызда архив аумағын қоқыстап тазарту, ағаштарды ақтау жұмыстарын жүргізді.


22 наурыз 2024 жыл
2024 жылдың 22 наурызы күні Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлері Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік архиві мен Орталық мемлекеттік кино-фотоқұжаттар мен дыбыс жазбалар архиві ұжымдарымен бастауын сан мыңдаған ғасырлардан алатын Наурыз мейрамын атап өтті.


Яндекс.Метрика Разработка и поддержка: ntd.kz