Новости:
16 маусым 2022 жыл
2022 жылдың 15 маусымында Қазақстан Республикасы Президентінің Архиві, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті және Ресей мемлекеттік гуманитарлық университеті бірлесе ұйымдастырған архив мамандарына арналған Жазғы мектеп өз жұмысын бастады.
Бесінші рет өткізіліп жатқан Жазғы мектепке Қазақстан, Әзербайжан, Армения, Беларусь, Қырғызстан, Ресей, Өзбекстан, Қытай мен Моңғолиядан 380-ге жуық архив маманы қатысып жатыр. Аталған шара жас архившілердің біліктілігін арттыруға, жаңа технологиялар мен архив жұмысындағы заманауи әдістермен танысуға, архив саласындағы халықаралық қатынастарды дамытуға бағытталған.
Архив мамандарына арналған жазғы мектептің алғашқы күні және ашылу салтанаты Қазақстан Республикасы Президентінің Архивінде өтті. Жазғы мектептің ашылу салтанатына Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің директоры Б.А. Жұматаева қатысты. Жазғы мектеп жұмысына ОМҒТҚА қызметкерлері: Копешов Азат, Омарбеков Абайбол, Қайырбек Аружан, Молдағали Әлихан, Нұрбеков Нұржан, Әділбек Исламбек қатысады.
Жазғы мектептің алғашқы күні архив ісі саласын ғылыми зерттеп жүрген ғалымдар баяндама жасады.
Алдағы екі күнде Оңтүстік Корея, Қытай, Беларусь, Монғолияның ғалымдары да баяндама жасайды. Биылғы жазғы мектеп онлайн, офлайн форматта өтеді. Жазғы мектеп маусым айының 17-не дейін жалғасады.


Все новости

Жаңалықтар

Показать все
22 сәуір 2024 жыл
2024 жылғы 22 сәуірде Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің Құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету және мемлекеттік есепке алу бөлімінің қызметкерлері әріптестеріне «Істер тізімдемелерін өңдеу және оларды жетілдіру (істер тізімдемелерін жетілдіру, олардың ақпаратты іздеу деңгейі мен сапасын арттыру)» тақырыбында өндірістік оқу өткізді.


20 сәуір 2024 жыл
«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Алматыда 8 сәуір мен 8 мамыр аралығында «Алматы – біздің ортақ үйіміз» науқаны өтуде. Оның басты мақсаты - қалалық инфрақұрылымға ұқыпты қарау құндылығын қалыптастыру, халық арасында жоғары азаматтық жауапкершілік пен экологиялық мәдениетті тәрбиелеу, жеке экологиялық бастамаларды қолдау мен іске асыруға жағдай жасау.


15 сәуір 2024 жыл
2024 жылғы 15 сәуірде Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві дирекциясының кезекті отырысы өтті. Онда архивтегі құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету мәселелері, құжаттарды архивтік қоймаларда жылжыту және орналастыру, «ОМҒТҚА» республикалық мемлекеттік мекемесінде құжаттарды сақтау режимі мәселелері қарастырылды.


10 сәуір 2024 жыл
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлерінің «Архив-2025» бағдарламасы аясында Латвия Республикасының астанасы – Рига қаласындағы Латвия Ұлттық архиві мен мемлекеттік архивінде құжаттар анықтау бойынша іс-сапарлары барысында Латвияның Ұлттық архиві және Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві арасында Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.


Яндекс.Метрика Разработка и поддержка: ntd.kz