Новости:
23 маусым 2022 жыл
2022 жылдың 21 маусымында ҚР Мәдениет және спорт министрлігінде сыбайлас жемқорлық пен құқық бұзушылыққа қарсы күрес жөніндегі іс-шара өткізді. Іс шараға министрлікке бағынысты ұйымдар мен мекемелер, сондай-ақ мемлекеттік архив басшылары офлайн және онлайн форматта қатысты. ОМҒТҚА-нің директоры Б.А. Жұматаева іс-шараға ZOOM платформасында қатысты.
Семинар барысында, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау және алдын алу, комплаенс-қызметтерді құру, комплаенс-офицерлерді енгізу. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрлігінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі өкілдерінің қатысуымен өткен «Квазимемлекеттік сектордағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу» тақырыбы айтылды. Сонымен бірге, «Сыбайлас жемқорлықпен күрес - бірінші кезекте сыбайлас жемқорлықтың алдын алуды, жан-жақты мониторинг жүргізуді, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдауды көздейді. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс - қимыл туралы» Заңға сәйкес мемлекеттік органдар, ұйымдар мен квазимемлекеттік сектор субъектілері сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүзеге асырады, оның нәтижелеріне сай оларды жоюға арналған іс - шаралар қабылдайды», - деді Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев.
Сонымен қатар министр өзгеде жемқорлыққа қатысты түйіткілді мәселелерге тоқталып, сөз соңында: «Бұл бағыттағы жұмыстың тиімділігі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың ведомствоішілік нақты құрылған жүйесіне тікелей байланысты. Осыған сай, аталған мәселенің маңыздылығын ескере отырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс - қимыл агенттігі өкілдерінің қатысуымен бүгінгі кездесу өткізіліп отыр», - деп түйіндеді.





Все новости

Жаңалықтар

Показать все
22 сәуір 2024 жыл
2024 жылғы 22 сәуірде Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің Құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету және мемлекеттік есепке алу бөлімінің қызметкерлері әріптестеріне «Істер тізімдемелерін өңдеу және оларды жетілдіру (істер тізімдемелерін жетілдіру, олардың ақпаратты іздеу деңгейі мен сапасын арттыру)» тақырыбында өндірістік оқу өткізді.


20 сәуір 2024 жыл
«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Алматыда 8 сәуір мен 8 мамыр аралығында «Алматы – біздің ортақ үйіміз» науқаны өтуде. Оның басты мақсаты - қалалық инфрақұрылымға ұқыпты қарау құндылығын қалыптастыру, халық арасында жоғары азаматтық жауапкершілік пен экологиялық мәдениетті тәрбиелеу, жеке экологиялық бастамаларды қолдау мен іске асыруға жағдай жасау.


15 сәуір 2024 жыл
2024 жылғы 15 сәуірде Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві дирекциясының кезекті отырысы өтті. Онда архивтегі құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету мәселелері, құжаттарды архивтік қоймаларда жылжыту және орналастыру, «ОМҒТҚА» республикалық мемлекеттік мекемесінде құжаттарды сақтау режимі мәселелері қарастырылды.


10 сәуір 2024 жыл
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлерінің «Архив-2025» бағдарламасы аясында Латвия Республикасының астанасы – Рига қаласындағы Латвия Ұлттық архиві мен мемлекеттік архивінде құжаттар анықтау бойынша іс-сапарлары барысында Латвияның Ұлттық архиві және Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві арасында Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.


Яндекс.Метрика Разработка и поддержка: ntd.kz