Новости:
11 шілде 2022 жыл
Қазақстан Республикасының Ғылым және техникаға еңбек сіңірген қайраткері, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының академигі, техника ғылымдарының докторы Шмидт Мұсаұлы Айталиевтің шәкірті және жақын туысымен ҚР ОМҒТҚА директоры Б. Жұматаева кездесу өткізді. Шмидт Мұсаұлы Айталиевтің негізгі ғылыми еңбектері жер асты қазбаларының беріктігі мен тұрақтылығын зерттеуге арналған. Ол Республиканың жерасты құрылысы механикасы ғылыми мектебінің негізін қалаушылардың бірі. Архив директоры қонақтарға ОМҒТҚА қызметі және оның жетістіктері туралы айтып берді. Ш.М. Айталиевтің ғылыми қызметі туралы құжаттарды ғалымның жеке текті қорын құру мақсатында ОМҒТҚА-ға тұрақты сақтауға тапсыру ұсынылды. Бұл ұсыныс қабылданды.




Все новости

Жаңалықтар

Показать все
22 сәуір 2024 жыл
2024 жылғы 22 сәуірде Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің Құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету және мемлекеттік есепке алу бөлімінің қызметкерлері әріптестеріне «Істер тізімдемелерін өңдеу және оларды жетілдіру (істер тізімдемелерін жетілдіру, олардың ақпаратты іздеу деңгейі мен сапасын арттыру)» тақырыбында өндірістік оқу өткізді.


20 сәуір 2024 жыл
«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Алматыда 8 сәуір мен 8 мамыр аралығында «Алматы – біздің ортақ үйіміз» науқаны өтуде. Оның басты мақсаты - қалалық инфрақұрылымға ұқыпты қарау құндылығын қалыптастыру, халық арасында жоғары азаматтық жауапкершілік пен экологиялық мәдениетті тәрбиелеу, жеке экологиялық бастамаларды қолдау мен іске асыруға жағдай жасау.


15 сәуір 2024 жыл
2024 жылғы 15 сәуірде Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві дирекциясының кезекті отырысы өтті. Онда архивтегі құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету мәселелері, құжаттарды архивтік қоймаларда жылжыту және орналастыру, «ОМҒТҚА» республикалық мемлекеттік мекемесінде құжаттарды сақтау режимі мәселелері қарастырылды.


10 сәуір 2024 жыл
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлерінің «Архив-2025» бағдарламасы аясында Латвия Республикасының астанасы – Рига қаласындағы Латвия Ұлттық архиві мен мемлекеттік архивінде құжаттар анықтау бойынша іс-сапарлары барысында Латвияның Ұлттық архиві және Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві арасында Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.


Яндекс.Метрика Разработка и поддержка: ntd.kz