|
|
Новости: |
|
20 қазан 2015 жыл
|
«2-М Production» Медиакомпаниясы «Хабар» агенттігі» АҚ тапсырысы бойынша "Білім және мәдениет" телеарнасы үшін Қазақстанның үздік сәулет нысандары туралы бағдарламалар топтамасын дайындауды жалғастырып жатыр. Келесі бағдарламалар (біріншісі Алматы қаласындағы Қазақ мемлекеттік циркі ғимаратына арналды) оңтүстік астананың екі бірегей сәулет нысандары «Қазақстан» биік қонақ үйі және «Медеу» спорт кешеніне арналады.
Алматыдағы «Қазақстан» биік қонақ үйі ғимаратының архитектурасы үшін 1980 ж. (Ю.Г. Ратушный, Л.Л. Ухоботов, А.К. Деев, Н.Л. Матвиец, А.Ш. Татығұлов, М.Т. Абдульдинова, В.Р. Краснянский) авторлық ұжымы Ш. Уәлиханов атындағы Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығына ие болды.
«Медеу» спорт кешені құрылысына қатысқан архитекторлар тобы және құрылысшылар (В.В. Вдовиченко, С.Б. Матвеев, А.С. Қайнарбаев, В.З. Кацев, В.А. Лебедихин, Б.П. Яглинский, Г.А. Хачатуров, Э.Л. Лихтенштейн, Л.Б. Гончаров, Л.Г. Жуков) 1975 ж. КСРО Мемелекеттік сыйлығына ие болды.
Фильмнің материалын дайындау барысында Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама мұрағаты қызметкерлері тұрақты мемлекеттік сақтауда тұрған және осы бірегей нысандардың жобаларына және құрылысына байланысты көптеген қызықты құжаттарды тапты.
ОМҒТҚМ бөлім басшысы В.Е. Печерских осы архитектуралық жауһарлардың пайда болу тарихы жайлы айтып берді, сонымен қатар көрсетілген мұрағаттық құжаттарға түсініктеме жасады. «KAZGOR» ЖА және «Алматыгипрогор» ЖШС құжаттарымен қатар А.Ш. Татығұловтың, (Қ. 140), Ю.Г. Ратушныйдың, (Қ. 139) және А.К. Деевтің (Қ. 95) жеке қорларының құжаттары кеңінен қолданылды.
|
|
|
|
Жаңалықтар
Показать все
| 15 сәуір 2024 жыл |
2024 жылғы 15 сәуірде Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві дирекциясының кезекті отырысы өтті. Онда архивтегі құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету мәселелері, құжаттарды архивтік қоймаларда жылжыту және орналастыру, «ОМҒТҚА» республикалық мемлекеттік мекемесінде құжаттарды сақтау режимі мәселелері қарастырылды.
| 10 сәуір 2024 жыл |
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлерінің «Архив-2025» бағдарламасы аясында Латвия Республикасының астанасы – Рига қаласындағы Латвия Ұлттық архиві мен мемлекеттік архивінде құжаттар анықтау бойынша іс-сапарлары барысында Латвияның Ұлттық архиві және Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві арасында Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
| 08 сәуір 2024 жыл |
Өмір деген өткінші, қас-қағым сәт деген сөздерді бүгін тағы еске салғандай, күні кеше ғана ортамызда жүрген әріптесіміз, ардақты азамат Печерских Владимир Еренеевич 66 жастан асқан шағында кенеттен дүниеден озды. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві атынан асыл азаматтың қайтыс болуына байланысты отбасына, ағайын-туыстарына қайғыра көңіл айтамыз.
| 05 сәуір 2024 жыл |
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлері Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 20 желтоқсандағы №953 қаулысымен бекітілген «Архив-2025» кешенді бағдарламасы бойынша шетел архивтерінен Қазақстан тарихына қатысты құжаттар мен материалдар көшірмелерін анықтау бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу мақсатында тарихи Латвия Республикасының астанасы – Рига қаласына барды.
|
|