Новости:
21 қыркүйек 2022 жыл
ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің бастамасымен "Архив және болашақ ұрпақ" республикалық жобасын іске асыра отырып, 2022 жылғы 21 қыркүйекте Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві Алматы қаласының мектеп оқушылары, колледждері мен ЖОО студенттері үшін Ашық есік күнін өткізді.
Архив қызметкерлері архив ғимараты бойынша таныстыру экскурсиясын өткізіп, ОМҒТҚА қорларында сақталатын бірегей құжаттардың экспозициясын ұйымдастырды. Сондай-ақ, қонақтарды Қазақстан Республикасы Ұлттық архив қорының құжаттарын сақтау шарттарымен таныстырды.
Аталған іс-шараның мақсаты: жастарды - тарихты, салт-дәстүрлерді зерттеуге тарту, Отанға деген патриоттық сезімге тәрбиелеу, аға буынның еңбек және жауынгерлік жолы үлгісінде ұрпақтар сабақтастығын сақтау, сондай-ақ архив құжаттарын насихаттау және архив саласының имиджін арттыру.











Все новости

Жаңалықтар

Показать все
20 сәуір 2024 жыл
«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Алматыда 8 сәуір мен 8 мамыр аралығында «Алматы – біздің ортақ үйіміз» науқаны өтуде. Оның басты мақсаты - қалалық инфрақұрылымға ұқыпты қарау құндылығын қалыптастыру, халық арасында жоғары азаматтық жауапкершілік пен экологиялық мәдениетті тәрбиелеу, жеке экологиялық бастамаларды қолдау мен іске асыруға жағдай жасау.


15 сәуір 2024 жыл
2024 жылғы 15 сәуірде Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві дирекциясының кезекті отырысы өтті. Онда архивтегі құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету мәселелері, құжаттарды архивтік қоймаларда жылжыту және орналастыру, «ОМҒТҚА» республикалық мемлекеттік мекемесінде құжаттарды сақтау режимі мәселелері қарастырылды.


10 сәуір 2024 жыл
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлерінің «Архив-2025» бағдарламасы аясында Латвия Республикасының астанасы – Рига қаласындағы Латвия Ұлттық архиві мен мемлекеттік архивінде құжаттар анықтау бойынша іс-сапарлары барысында Латвияның Ұлттық архиві және Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві арасында Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.


08 сәуір 2024 жыл
Өмір деген өткінші, қас-қағым сәт деген сөздерді бүгін тағы еске салғандай, күні кеше ғана ортамызда жүрген әріптесіміз, ардақты азамат Печерских Владимир Еренеевич 66 жастан асқан шағында кенеттен дүниеден озды. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві атынан асыл азаматтың қайтыс болуына байланысты отбасына, ағайын-туыстарына қайғыра көңіл айтамыз.


Яндекс.Метрика Разработка и поддержка: ntd.kz