Новости:
28 қыркүйек 2022 жыл
2022 жылғы 28 қыркүйекте келесі мәселелер қаралған ОМҒТҚА сараптамалық-тексеру және әдістемелік комиссиясының кезекті отырысы өтті:
1) Алматы қаласы бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ филиалы болып табылатын Агрохимиялық, топырақты зерттеу және кешенді-іздестіру жұмыстары департаментінің Істер номенклатурасы; 2) Ж.Жиембаев атындағы Қазақ өсімдіктерді қорғау және карантин ғылыми-зерттеу институты» ЖШС істер номенклатурасы; 3) Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетінің «Экономика институты» ШЖҚ РМК істер номенклатурасы»; 4) «Қ.И.Сәтбаев атындағы Геология ғылымдары институты» ЖШС Істер номенклатурасы; 5) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «Зоология институты» ШЖҚ РМК Істер номенклатурасы; 6) «микробиология және вирусология ҒӨО» ЖШС Істер номенклатурасы; 7) «Қазреставрация» ШЖҚ РМК құжаттау және құжаттаманы басқару ережелері; 8) 2007-2017 жылдарға арналған тұрақты сақтау істерінің № 1-6 тізімдемелері (толықтыруы), 2018-2021 жылдарға арналған жеке iстердiң № 1л/с (жалғасы), 2018-2021 жылдардағы жұмыстан босатылған қызметкерлер жеке iстерінiң № 1л/д (жалғасы) және Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Индустриялық даму комитетінің «Ұлттық технологиялық болжау орталығы» ШЖҚ РМК 2010-2017 жылдардағы сақтауға жатпайтын құжаттарды жоюға бөлу туралы актісі; 9) «Генетика және цитология институты» ШЖҚ РМК 2014-2018 жылдарға арналған тұрақты сақтау істерінің № 1-6 (жалғасы) тізімдемелері, 2014-2018 жылдарға арналған жеке iстердiң № 1л/с (жалғасы), 2014-2017 жылдардағы жұмыстан босатылған қызметкерлердің жеке істерінің № 1л/д, 2 л/д, 3 л/д. (жалғасы), 2014-2018 жылдарға арналған ғылыми-зерттеу құжаттаманың № 2-1 (жалғасы) және 2014-2018 жылдарға сақтауға жатпайтын құжаттарды жоюға бөлу туралы актісі; 10) Ж.С. Керімбектің жеке тектік қорының істер тізімдемесі; 11) «Акушерлік, гинекология және перинатология ҒО» АҚ сараптама комиссиясы және ведомстволық архиві туралы ережелер; 12) «Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институты» ШЖҚ РМК сараптама комиссиясы және ведомстволық архиві туралы ережелер; 13) «Қазақтелеком» АҚ филиалының ОМҒТҚА толықтыру көздері тізбесіне қосу туралы анықтама.
Талқылау барысында сарапшылар мен сараптамалық-тексеру және әдістемелік комиссиясының мүшелері ұсынылған құжаттарға қатысты өз пікірлерін білдірді, ұйым өкілдері оларды қабылдады. Барлық құжаттар бойынша тиісті шешімдер қабылданды.

Все новости

Жаңалықтар

Показать все
20 сәуір 2024 жыл
«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Алматыда 8 сәуір мен 8 мамыр аралығында «Алматы – біздің ортақ үйіміз» науқаны өтуде. Оның басты мақсаты - қалалық инфрақұрылымға ұқыпты қарау құндылығын қалыптастыру, халық арасында жоғары азаматтық жауапкершілік пен экологиялық мәдениетті тәрбиелеу, жеке экологиялық бастамаларды қолдау мен іске асыруға жағдай жасау.


15 сәуір 2024 жыл
2024 жылғы 15 сәуірде Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві дирекциясының кезекті отырысы өтті. Онда архивтегі құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету мәселелері, құжаттарды архивтік қоймаларда жылжыту және орналастыру, «ОМҒТҚА» республикалық мемлекеттік мекемесінде құжаттарды сақтау режимі мәселелері қарастырылды.


10 сәуір 2024 жыл
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлерінің «Архив-2025» бағдарламасы аясында Латвия Республикасының астанасы – Рига қаласындағы Латвия Ұлттық архиві мен мемлекеттік архивінде құжаттар анықтау бойынша іс-сапарлары барысында Латвияның Ұлттық архиві және Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві арасында Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.


08 сәуір 2024 жыл
Өмір деген өткінші, қас-қағым сәт деген сөздерді бүгін тағы еске салғандай, күні кеше ғана ортамызда жүрген әріптесіміз, ардақты азамат Печерских Владимир Еренеевич 66 жастан асқан шағында кенеттен дүниеден озды. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві атынан асыл азаматтың қайтыс болуына байланысты отбасына, ағайын-туыстарына қайғыра көңіл айтамыз.


Яндекс.Метрика Разработка и поддержка: ntd.kz