Новости:
30 қараша 2022 жыл
2022 жылдың 30 қарашасында ОМҒТҚА сараптамалық-тексеру және әдістемелік комиссиясының отырысы өтіп және келесі мәселелер қаралды:
1) «ҚазТрансОйл» АҚ филиалының жеке құрам бойынша № 1-6, 2-1 істердің (жалғасы), № 1л (жалғасы) істердің тізімдемелері және сақтауға жатпайтын құжаттарды жоюға бөлу туралы акті;
2) «МұнайТас «Солтүстік-Батыс құбыр компаниясы» ЖШС-нің істер номенклатурасы және № 1-6 тізімдеме (жалғасы), № 1-4 тұрақты сақталатын істер және құжаттарды жоюға бөлу туралы акт;
3) «Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығы» АҚ істер номенклатурасы, және құжаттама жасау және құжаттаманы басқару қағидалары, ведомстволық архив және сараптамалық комиссиясы туралы ережелер;
4) «ҚАЗҚСҒЗИ» АҚ және оның Астана филиалы бойынша сақтауға жатпайтын құжаттарды жоюға бөлу туралы актілер;
5) «Институт «Казсельэнергопроект» ЖШС жобалау-сметалық құжаттаманы тұрақты сақтайтын істердің № 8-4 тізімдемесі және сақтауға жатпайтын істерді жоюға арналған акті;
6) «Балық шаруашылығының ғылыми-өндірістік орталығы» ЖШС-нің құжаттама жасау және құжаттаманы басқару қағидалары, ведомстволық архив және сараптамалық комиссиясы туралы ережелер;
7) «Қазреставрация» ШЖҚ РМК істердің номенклатурасы және сақтауға жатпайтын құжаттарды жоюға бөлу туралы акті;
8) Д.В. Сокольский атындағы отын, катализ және электрохимия инстиутының істер номенклатурасы;
9) «Ионосфера институты» ЕЖШС-нің жеке құрам бойынша № 1-6, 2-1 істердің (жалғасы), № 1л (жалғасы) істердің тізімдемелері және сақтауға жатпайтын құжаттарды жоюға бөлу туралы акті;
10) «ОМҒТҚА» РММ-нің істер номенклатурасы;
11) «Қазақ мұнай және газ институты» АҚ және «Қазреставрация» ШЖҚ РМК- лерінің Орталық мемлекеттік ғылыми техникалық құжаттама архиві толықтыру көздерінің тізіміне енгізу туралы анықтамалары.
СТӘК сарапшылар мен мүшелері талқылау барысында құрастырушылар қабылдаған ұсынылған құжаттар бойынша өз ескертулерін білдірді. Барлық құжаттар бойынша тиісті шешімдер қабылданды.











Все новости

Жаңалықтар

Показать все
15 сәуір 2024 жыл
2024 жылғы 15 сәуірде Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві дирекциясының кезекті отырысы өтті. Онда архивтегі құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету мәселелері, құжаттарды архивтік қоймаларда жылжыту және орналастыру, «ОМҒТҚА» республикалық мемлекеттік мекемесінде құжаттарды сақтау режимі мәселелері қарастырылды.


10 сәуір 2024 жыл
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлерінің «Архив-2025» бағдарламасы аясында Латвия Республикасының астанасы – Рига қаласындағы Латвия Ұлттық архиві мен мемлекеттік архивінде құжаттар анықтау бойынша іс-сапарлары барысында Латвияның Ұлттық архиві және Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві арасында Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.


08 сәуір 2024 жыл
Өмір деген өткінші, қас-қағым сәт деген сөздерді бүгін тағы еске салғандай, күні кеше ғана ортамызда жүрген әріптесіміз, ардақты азамат Печерских Владимир Еренеевич 66 жастан асқан шағында кенеттен дүниеден озды. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві атынан асыл азаматтың қайтыс болуына байланысты отбасына, ағайын-туыстарына қайғыра көңіл айтамыз.


05 сәуір 2024 жыл
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлері Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 20 желтоқсандағы №953 қаулысымен бекітілген «Архив-2025» кешенді бағдарламасы бойынша шетел архивтерінен Қазақстан тарихына қатысты құжаттар мен материалдар көшірмелерін анықтау бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу мақсатында тарихи Латвия Республикасының астанасы – Рига қаласына барды.


Яндекс.Метрика Разработка и поддержка: ntd.kz