Новости:
07 қараша 2015 жыл
1929 ж. 8 қарашасында жеке қоры (№ 135 ) ОМҒТҚМ сақтауда тұрған Ивлев Николай Петрович туылды. Техника ғылымдарының докторы, тарих ғылымдарының докторы, ол Қазақстанның өлкетануында жарық із қалдырды. Астрахань облысының тумасы, Саратов т.-ж. институтын бітірген. 1963 ж. Харковь автомобиль-жол институты аспирантурасын бітірген соң Алматы қ. «СоюздорНИИға» жолдама алды. Еңбек қызметін 1996 ж. Алматы т.-ж. институтында жолдарды жобалау кафедрасының профессоры болып аяқтады. Оның жеке қорында тарих тақырыбы бойынша еңбек жазу үшін негіз болатын, сонымен қатар очерктер, баяндамалар, мақалалар, Қазақстанның, Жетісудің, Ресейдің жол құрылысы және транспортты дамыту тарихы бойынша диссертациялық зерттеу, Верный қ. пошта ісі тарихы, қазақстанның көрнекті қайраткерлері Ш. Уәлиханов, М. Тынышпаев, инженер Паклевский және т.б. туралы көшірмеленген құжаттар сақталуда. 1997 ж. 13 наурызда қайтыс болды.

Н.П. Ивлев. 1950-шы жж.
















Н.П. Ивлев (сол жақтан бірінші) Іле ө. арқылы өтетін темір жол көпірі құрылысында. 1953 ж.








Семей автомобильді-механикалық техникумы түлегінің салтанатты уәде беруі.















Шығыс Қазақстан облысы Боран а. Қалжыр ө. арқылы өтетін көпір. 1916 ж. австриялық тұтқындармен салынған. Н.П. Ивлев 1965 ж. оның қайта жаңартылуына қатысты.









Все новости

Жаңалықтар

Показать все
22 сәуір 2024 жыл
2024 жылғы 22 сәуірде Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің Құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету және мемлекеттік есепке алу бөлімінің қызметкерлері әріптестеріне «Істер тізімдемелерін өңдеу және оларды жетілдіру (істер тізімдемелерін жетілдіру, олардың ақпаратты іздеу деңгейі мен сапасын арттыру)» тақырыбында өндірістік оқу өткізді.


20 сәуір 2024 жыл
«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Алматыда 8 сәуір мен 8 мамыр аралығында «Алматы – біздің ортақ үйіміз» науқаны өтуде. Оның басты мақсаты - қалалық инфрақұрылымға ұқыпты қарау құндылығын қалыптастыру, халық арасында жоғары азаматтық жауапкершілік пен экологиялық мәдениетті тәрбиелеу, жеке экологиялық бастамаларды қолдау мен іске асыруға жағдай жасау.


15 сәуір 2024 жыл
2024 жылғы 15 сәуірде Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві дирекциясының кезекті отырысы өтті. Онда архивтегі құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету мәселелері, құжаттарды архивтік қоймаларда жылжыту және орналастыру, «ОМҒТҚА» республикалық мемлекеттік мекемесінде құжаттарды сақтау режимі мәселелері қарастырылды.


10 сәуір 2024 жыл
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлерінің «Архив-2025» бағдарламасы аясында Латвия Республикасының астанасы – Рига қаласындағы Латвия Ұлттық архиві мен мемлекеттік архивінде құжаттар анықтау бойынша іс-сапарлары барысында Латвияның Ұлттық архиві және Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві арасында Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.


Яндекс.Метрика Разработка и поддержка: ntd.kz