ќаз
|
рус
Вход
_USERNAME 
_USERPASSWORD 
Авторизация пользователя
ОРТАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҒЫЛЫМИ-ТЕХНИКАЛЫҚ ҚҰЖАТТАМА
АРХИВI
 
_NEWS:
14 наурыз 2023 жыл
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР Премьер-Министрінің, мемлекеттік органдар басшыларының, облыстар мен Астана, Алматы, Шымкент қалалары әкімдерінің қатысуымен кеңес өткізді.
Жиында ел өңірлерінің әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты өзекті мәселелер қарастырылды. Қазақстан халқына Жолдауында айтылған міндеттердің іске асырылуына және Президенттің бұған дейін берген тапсырмаларының орындалуына ерекше назар аударылды.
Сонымен қатар Мемлекет басшысы кеңесте бір аймаққа ғана белгілі адамдарға ескерткіш орнату мәселесіне тоқталды: «..Соңғы кезде бір аймаққа ғана белгілі адамдарға ескерткіш орнату сәнге айналды. Жергілікті ономастика комиссиялары бұған жол бермеуге тиіс. Орынсыз шешімдерге Республикалық комиссия тосқауыл қоюы керек. Әркім өз бабасына ескерткіш қоя берсе, елде рушылдық, жершілдік белең алады. Осыған назар аударыңыздар. Кеңестік кезең қайраткерлеріне, соның ішінде жаппай қуғын-сүргінге тікелей қатысы бар адамдарға ескерткіш, бюст орнату ісі әлі жалғасып келеді. Өмірде болмаған ерлік істерге толы өмірбаяндар ойдан құрастырылып жатыр. Олар туралы деректер архив құжаттарында нақтыланбаған немесе мүлде жоқ. Кейбір белсенді топтар азаматтарымызды кеңестік кезеңдегі партия және мемлекет қайраткерлерінің аңызға бергісіз өмірбаяндарына сенуге мәжбүрлеп жүр».
Бұл мәселе бойынша архив қызметкерлері ретінде Мемлекет басшысының сөзін қолдаймыз. Ондай ескерткіш немесе бюст орнату іс-әрекеттері нақты деректер мен архивтік құжаттарға негізделіп жасалуы қажет. Өйткені архив – болашаққа қызмет ететін, мемлекетіміздің құнды тарихи мұрасын сақтайтын және ұрпақтан-ұрпаққа жеткізу қызметін жүзеге асыратын мекеме. Тарихты жасайтын халық болса, болашақ үшін сақтайтын осы архивтер.
Осы орайда, аталмыш мәселеге қатысты жергілікті ономастика комиссиялар құрамына архив қызметкерлері де енгізілсе деген пікір білдіреміз. Ол шара өз кезегінде көптеген құжатқа негізделмеген, заңсыз әрекеттерге жол бермес еді.

_ALLNEWS

Жаңалықтар

Показать все


29 мамыр 2023 жыл
2023 жылдың 24-26 мамыр аралығында Бұхара қаласында (Өзбекстан Республикасы) «Кітап және оқу қоғамды дамытудағы стратегиялық ресурс ретінде» II Достастық форумы аясында «Орталық Азия: Интернет және ғылым, білім, мәдениет және бизнестегі ақпараттық-кітапханалық ресурстар» XVI Халықаралық конференциясы өтті.


26 мамыр 2023 жыл
2023 жылғы 26 мамырда Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлері өздерінің Орталық мемлекеттік архив және Орталық мемлекеттік кинофотоқұжаттар мен дыбыс жазбалар архивіндегі әріптестерімен Архив қалашығының аумағын тазалау сенбілігіне қатысты.


25 мамыр 2023 жыл
Мемлекеттік сақтауда тұрған құжаттарға сұраныстың жоғары екендігін көрсететін Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві қызметінің бір бағдары Алматы қаласының сәулет өнерін қалпына келтіру, реконструкциялау немесе күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін қажетті құжаттамамен қамтамасыз ету болып табылады.


Яндекс.Метрика Web site engine code is Copyright ©2007-2008 by Kasseler CMS. All rights reserved.   Разработка и поддержка: neon-group