ќаз
|
рус
Вход
_USERNAME 
_USERPASSWORD 
Авторизация пользователя
ОРТАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҒЫЛЫМИ-ТЕХНИКАЛЫҚ ҚҰЖАТТАМА
АРХИВI
 
_NEWS:
20 наурыз 2023 жыл
Жаңару мен жасампаздықтың бастауы саналатын Ұлыстың ұлы күні, ырыс-берекенің арқауы Наурыз мерекесі қарсаңында Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінде мерекелік іс-шара өткізілді.
Көктемнің жаңару мерекесімен архив ұжымын әріптестері Орталық мемлекеттік кино-фотоқұжаттар мен дыбыс жазбалары архиві және архивтің толықтыру көздері болып табылатын ұйымдар құттықтады, атап айтсақ «Алматыбасжоспар» ҒЗИ» ЖШС, «Қазақ қайта өңдеу және тағам өнеркәсіптері ғылыми зерттеу институты ҒЗИ» ЖШС, «Ботаника және фитоинтродукция институты» ШЖҚ РМК, «У.М.Ахмедсафин атындағы гидрогеология және геоэкология институты» ЖШС, «Ж. Жиембаев атындағы Қазақ өсімдіктерді қорғау және карантин ҚазҒЗИ», «Алтын алмас» АҚ және өзге де ұйымдар өкілдері.
Архив қызметкерлері қазақтың салт-дәстүрлерінің маңыздылығын айтып, «Сырға салу» мен «Қыз ұзату» салттарынан тамаша қойылым жасады.
Барша қазақстандықтарды Жақсылықтың жаршысы, жаңа жылдың бастауы – Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! Ұлтымыздың мерейін өсіріп, бар болмысымызды айшықтайтын мереке елімізге, әрбір отбасына бірлік пен қуаныш, құт-береке, бақыт пен молшылық әкелсін!











_ALLNEWS

Жаңалықтар

Показать все


29 мамыр 2023 жыл
2023 жылдың 24-26 мамыр аралығында Бұхара қаласында (Өзбекстан Республикасы) «Кітап және оқу қоғамды дамытудағы стратегиялық ресурс ретінде» II Достастық форумы аясында «Орталық Азия: Интернет және ғылым, білім, мәдениет және бизнестегі ақпараттық-кітапханалық ресурстар» XVI Халықаралық конференциясы өтті.


26 мамыр 2023 жыл
2023 жылғы 26 мамырда Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлері өздерінің Орталық мемлекеттік архив және Орталық мемлекеттік кинофотоқұжаттар мен дыбыс жазбалар архивіндегі әріптестерімен Архив қалашығының аумағын тазалау сенбілігіне қатысты.


25 мамыр 2023 жыл
Мемлекеттік сақтауда тұрған құжаттарға сұраныстың жоғары екендігін көрсететін Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві қызметінің бір бағдары Алматы қаласының сәулет өнерін қалпына келтіру, реконструкциялау немесе күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін қажетті құжаттамамен қамтамасыз ету болып табылады.


Яндекс.Метрика Web site engine code is Copyright ©2007-2008 by Kasseler CMS. All rights reserved.   Разработка и поддержка: neon-group