Новости:
11 сәуір 2023 жыл
2023 жылдың 7 сәуірінде Алматы көпсалалы колледжінің шебері Жұмақова Гүлзат Саматовнаның ұйымдастыруымен «Құжаттарды сақтауды ұйымдастыру тәртібі» атты квест-тур өтті, оған колледж студенттері қатысты.
Студенттер өз сұрақтарын Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің директоры Б.А. Жұматаеваға қойып, оларға жауап алды. Квест саяхатына қатысушыларды қызықтыру мақсатында Г.С. Жұмақова қызықты шығармашылық тапсырмалар дайындады. Wordwall сайты арқылы үш топ арасында сайыс ұйымдастырылды. Кәсіби қазылар алқасының мүшелері ОМҒТҚА мамандары болды. Жарыс нәтижесінде барлық командаларға кубоктар, ал олардың қатысушылары әртүрлі номинациядағы медальдарға ие болды.
Іс-шараны ұйымдастырудың және өткізудің мұндай сәтті түрі оның қатысушыларына оқу үдерісінде алған теориялық білімдерін бекітуге мүмкіндік берді.









Все новости

Жаңалықтар

Показать все
20 сәуір 2024 жыл
«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Алматыда 8 сәуір мен 8 мамыр аралығында «Алматы – біздің ортақ үйіміз» науқаны өтуде. Оның басты мақсаты - қалалық инфрақұрылымға ұқыпты қарау құндылығын қалыптастыру, халық арасында жоғары азаматтық жауапкершілік пен экологиялық мәдениетті тәрбиелеу, жеке экологиялық бастамаларды қолдау мен іске асыруға жағдай жасау.


15 сәуір 2024 жыл
2024 жылғы 15 сәуірде Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві дирекциясының кезекті отырысы өтті. Онда архивтегі құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету мәселелері, құжаттарды архивтік қоймаларда жылжыту және орналастыру, «ОМҒТҚА» республикалық мемлекеттік мекемесінде құжаттарды сақтау режимі мәселелері қарастырылды.


10 сәуір 2024 жыл
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлерінің «Архив-2025» бағдарламасы аясында Латвия Республикасының астанасы – Рига қаласындағы Латвия Ұлттық архиві мен мемлекеттік архивінде құжаттар анықтау бойынша іс-сапарлары барысында Латвияның Ұлттық архиві және Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві арасында Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.


08 сәуір 2024 жыл
Өмір деген өткінші, қас-қағым сәт деген сөздерді бүгін тағы еске салғандай, күні кеше ғана ортамызда жүрген әріптесіміз, ардақты азамат Печерских Владимир Еренеевич 66 жастан асқан шағында кенеттен дүниеден озды. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві атынан асыл азаматтың қайтыс болуына байланысты отбасына, ағайын-туыстарына қайғыра көңіл айтамыз.


Яндекс.Метрика Разработка и поддержка: ntd.kz