Новости:
13 сәуір 2023 жыл
2023 жылдың 12 сәуірінде «Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві» РММ қызметкерлері, Қазақстан Ғылым қызметкерлері күніне арналған іс-шара өткізді. ОМҒТҚА Қазақстан Республикасы Ұлттық архив қорының құжаттарын мемлекеттік сақтауды жүзеге асырады, оның елеулі бөлігін мемлекетіміздің ғылыми-зерттеу мекемелерінің, құжаттары ішінде экономика, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, геология, білім, медицина, іргелі ғылымдар, құқықтану, ғарыш салаларындағы зерттеулер.
Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінде ғылымның және техниканың дамуына зор үлес қосқан тұлғалардың, белгілі ғалымдардың жеке қорларынан ғылыми құжаттар жинақталған. Олардың ішінде: қызығушылық танытатын ерітінділер теориясы, қышқылдар мен негіздер теориясы саласында ғылыми зерттеулері бар Усанович Михаил Ильич - химия ғылымдарының докторы, Қазақ КСР ҒА академигі, Өзбекстан және Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген ғылым қайраткері, ғылыми ортада жоғары бағаланып, оған әлемдік даңқ берілді; Қалиев Ғани Әлімұлы - экономика ғылымдарының докторы, академик, ВАСХНИЛ толық мүшесі, экономика және ауыл шаруашылығы өндірісін ұйымдастыру саласындағы көрнекті маман; Госсен Эрвин Францевич - ауылшаруашылық ғылымдарының докторы, Қазақ ауыл шаруашылығы ғылымдары академиясының академигі, Лениндік сыйлықтың лауреаты, Қазақстанда ауылшаруашылық дақылдарын қарқынды өсіру технологиясы және топырақты қорғау технологиясы бойынша көптеген еңбектердің авторы; Ермекова Бопан Әмірханқызы - техника ғылымдарының кандидаты, органикалық химия, топырақтың химиялық-математикалық зерттеулері саласындағы белгілі маман; Нәби Ысқақ Айтқұлұлы - техника ғылымдарының кандидаты, педагогика ғылымдарының докторы, Қазақ білім академиясының академигі, машина жасау және инженерлік графика саласындағы бірнеше монографиялардың авторы; Диденко-Кислицина Людмила Кузьминична - геология-минералогия ғылымдарының докторы, Қазақстанның геологиялық, геоморфологиялық, палеографиялық карталарының, стратегиялық схемаларының тұтас сериясын құрастырушы және басқа да бірқатар ғалымдар архивіміздің жеке тектік қорын құрайды..







Все новости

Жаңалықтар

Показать все
22 сәуір 2024 жыл
2024 жылғы 22 сәуірде Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің Құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету және мемлекеттік есепке алу бөлімінің қызметкерлері әріптестеріне «Істер тізімдемелерін өңдеу және оларды жетілдіру (істер тізімдемелерін жетілдіру, олардың ақпаратты іздеу деңгейі мен сапасын арттыру)» тақырыбында өндірістік оқу өткізді.


20 сәуір 2024 жыл
«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Алматыда 8 сәуір мен 8 мамыр аралығында «Алматы – біздің ортақ үйіміз» науқаны өтуде. Оның басты мақсаты - қалалық инфрақұрылымға ұқыпты қарау құндылығын қалыптастыру, халық арасында жоғары азаматтық жауапкершілік пен экологиялық мәдениетті тәрбиелеу, жеке экологиялық бастамаларды қолдау мен іске асыруға жағдай жасау.


15 сәуір 2024 жыл
2024 жылғы 15 сәуірде Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві дирекциясының кезекті отырысы өтті. Онда архивтегі құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету мәселелері, құжаттарды архивтік қоймаларда жылжыту және орналастыру, «ОМҒТҚА» республикалық мемлекеттік мекемесінде құжаттарды сақтау режимі мәселелері қарастырылды.


10 сәуір 2024 жыл
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлерінің «Архив-2025» бағдарламасы аясында Латвия Республикасының астанасы – Рига қаласындағы Латвия Ұлттық архиві мен мемлекеттік архивінде құжаттар анықтау бойынша іс-сапарлары барысында Латвияның Ұлттық архиві және Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві арасында Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.


Яндекс.Метрика Разработка и поддержка: ntd.kz