Новости:
20 сәуір 2023 жыл
2023 жылдың 20 сәуірінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Архив істері және құжаттаманы басқару комитетінің Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің ҰАҚ толықтыру және ведомстволық архивтер бөлімінің қызметкерлері архивтің толықтыру көздері болып табылатын ұйымдардың іс жүргізуге жауапты өкілдеріне «Істер номенклатурасын құрастыру және қалыптастыру» оқыту семинарын өткізді.
Іс-шараның мақсаты архив ісі саласындағы заңнама талаптарына сәйкес толықтыру көздері-ұйымдардың ведомстволық архивтері қызметкерлерінің кәсіби білімі деңгейін және біліктілігін арттыру болды. Атап айтқанда, архившілер ұйымның істер номенклатурасын әзірлеуде нормативтік-әдістемелік құжаттарды басқару, оны дұрыс ресімдеу бойынша ұсыныстар берді. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің міндетін атқарушының 2017 жылғы 29 қыркүйектегі №263 бұйрығымен бекітілген «Сақтау мерзімдерін көрсете отырып, мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдар қызметінде жасалатын үлгілік құжаттар тізбесіне» енгізілген соңғы өзгерістер туралы айтып өтті.
Жұмыс барысында саладағы архив қызметкерлерін толғандырған мәселелер бойынша пікір алмасу болып, ұйымдар өкілдері ведомстволық архив жұмысына және іс жүргізуге қатысты өздерінің сұрақтарын қойып, оларға тұщымды жауаптар берілді. Біраз сұрақтарға Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің директоры Жұматаева Баян Амантайқызы жауап беріп, архив қызметкерлері әрқашан әдістемелік көмек көрсететінін атап өтті.
Бұл семинар Қазақстан Республикасы Ұлттық архив қорының құжаттарын ведомстволық архивтерде дұрыс қалыптастыруға және сақтауға оң әсерін тигізеді деген сенім білдіреміз.













Все новости

Жаңалықтар

Показать все
22 сәуір 2024 жыл
2024 жылғы 22 сәуірде Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің Құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету және мемлекеттік есепке алу бөлімінің қызметкерлері әріптестеріне «Істер тізімдемелерін өңдеу және оларды жетілдіру (істер тізімдемелерін жетілдіру, олардың ақпаратты іздеу деңгейі мен сапасын арттыру)» тақырыбында өндірістік оқу өткізді.


20 сәуір 2024 жыл
«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Алматыда 8 сәуір мен 8 мамыр аралығында «Алматы – біздің ортақ үйіміз» науқаны өтуде. Оның басты мақсаты - қалалық инфрақұрылымға ұқыпты қарау құндылығын қалыптастыру, халық арасында жоғары азаматтық жауапкершілік пен экологиялық мәдениетті тәрбиелеу, жеке экологиялық бастамаларды қолдау мен іске асыруға жағдай жасау.


15 сәуір 2024 жыл
2024 жылғы 15 сәуірде Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві дирекциясының кезекті отырысы өтті. Онда архивтегі құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету мәселелері, құжаттарды архивтік қоймаларда жылжыту және орналастыру, «ОМҒТҚА» республикалық мемлекеттік мекемесінде құжаттарды сақтау режимі мәселелері қарастырылды.


10 сәуір 2024 жыл
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлерінің «Архив-2025» бағдарламасы аясында Латвия Республикасының астанасы – Рига қаласындағы Латвия Ұлттық архиві мен мемлекеттік архивінде құжаттар анықтау бойынша іс-сапарлары барысында Латвияның Ұлттық архиві және Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві арасында Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.


Яндекс.Метрика Разработка и поддержка: ntd.kz