Новости:
27 сәуір 2023 жыл
2023 жылдың 26 сәуірі күні Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің архивист маманы Лаура Ануарханова Астана қаласындағы Мемлекеттік және ведомстволық архив қызметкерлерінің біліктілігін арттыру орталығында «Архив ісі саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер» тақырыбы бойынша өткен курста оқыған дәрісі туралы әріптестері мен өндірістік тәжірибеден өтіп жүрген студенттерге қысқаша мәлімет беріп, қазіргі таңдағы «Электрондық құжаттардың бірыңғай Е-архив ақпараттық жүйесі» туралы мағлұмат берді.
Қазіргі таңда республикамызда бірыңғай электрондық архивтерді жаңа құжаттармен толықтыру, оларды тиімді пайдалану, басқару және бақылау үдерістерін автоматтандыруды қамтамасыз ететін «Электрондық құжаттардың бірыңғай архиві» ақпараттық жүйесін өндіріске енгізу және жетілдіру жұмыстары жүргізілуде. Оқылған дәрістерден қатысушылар архив ісі саласындағы нормативтік-құқықтық актілер, мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы нормативтік-құқықтық база туралы ақпарат, архивтік анықтамалар, архивтік құжаттардың көшірмелерін немесе архивтік үзінділер беру мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларын қолдану ерекшеліктері, сұраныстарды орындау мемлекеттік қызметтерді көрсету бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары бойынша өздерін толғандыратын біраз сұрақтарға жауап алды.
Сонымен қатар «Е-Архив», «Е-Өтініш» АЖ ақпараттық жүйелер, ағымдағы жұмыстардың орындалуы, есепті қалыптастыру бойынша пікір алмасу орын алды.
ОМҒТҚА архивист маманы Л. Ануарханова мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша, яғни сұраныстардың орындалу барысында мерзімінің кешіктірілуі немесе басқа да заң бұзушылық фактілері орын алмау қажеттілігі туралы атап өтті.





Все новости

Жаңалықтар

Показать все
28 наурыз 2024 жыл
Бүгінгі таңда мемлекетімізде шетел архивтері, ғылыми орталықтары мен кітапханаларында еліміздің тарихына қатысты тарихи мұрамыз болып табылатын құжаттарды анықтап, көшірмелерін алу үрдісі үлкен белең алуда.


27 наурыз 2024 жыл
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлері «Архив-2025» кешенді бағдарламасын іске асыру


23 наурыз 2024 жыл
Наурыз мерекесін аясында Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлері 2024 жылғы 23 наурызда архив аумағын қоқыстап тазарту, ағаштарды ақтау жұмыстарын жүргізді.


22 наурыз 2024 жыл
2024 жылдың 22 наурызы күні Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлері Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік архиві мен Орталық мемлекеттік кино-фотоқұжаттар мен дыбыс жазбалар архиві ұжымдарымен бастауын сан мыңдаған ғасырлардан алатын Наурыз мейрамын атап өтті.


Яндекс.Метрика Разработка и поддержка: ntd.kz