Новости:
02 мамыр 2023 жыл
2023 жылдың 29 сәуірінде Алматы қаласында архив мекемелерінің қызметкерлері арасында волейболдан турнир өтті. Оған басқа командалармен қатар алғаш рет Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің «Самұрық» командасы да қатысты. Дебют сәтті өтті. «Жетісу» командасымен табанды күресте біздің жігіттер жүлделі үшінші орынға ие болды. Бұл – сөзсіз женіс! Осы сайыста лайықты өнер көрсеткен әріптестерімізді құттықтаймыз! Финалда Алматы қаласының мемлекеттік архивінен келген қарсыластарынан басым түскен Қазақстан Республикасы Президенті Архивінің командасы бірінші орынды иеленді.
Бірақ бұл турнир тек спорттық жетістіктермен ерекшеленген жоқ. Жүлделерді тапсыру кезінде үшінші орын үшін матчтағы қарсыластары – «Жетісу» командасына өзінің бағалы сыйлығын тапсырған біздің команданың игі әрекеті барлық қатысушылардың есінде қалды. Бұл сыпайы ишарат көпшілікті таң қалдырды, бірақ басқаша болуы мүмкін емес еді. Бұл ОМҒТҚА! Марапатқа лайық жандарға құрмет көрсету архивіміздің дәстүріне айналған деп айтуға болады.
Жарайсыңдар! ОМҒТҚА Алға!











Все новости

Жаңалықтар

Показать все
22 сәуір 2024 жыл
2024 жылғы 22 сәуірде Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің Құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету және мемлекеттік есепке алу бөлімінің қызметкерлері әріптестеріне «Істер тізімдемелерін өңдеу және оларды жетілдіру (істер тізімдемелерін жетілдіру, олардың ақпаратты іздеу деңгейі мен сапасын арттыру)» тақырыбында өндірістік оқу өткізді.


20 сәуір 2024 жыл
«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Алматыда 8 сәуір мен 8 мамыр аралығында «Алматы – біздің ортақ үйіміз» науқаны өтуде. Оның басты мақсаты - қалалық инфрақұрылымға ұқыпты қарау құндылығын қалыптастыру, халық арасында жоғары азаматтық жауапкершілік пен экологиялық мәдениетті тәрбиелеу, жеке экологиялық бастамаларды қолдау мен іске асыруға жағдай жасау.


15 сәуір 2024 жыл
2024 жылғы 15 сәуірде Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві дирекциясының кезекті отырысы өтті. Онда архивтегі құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету мәселелері, құжаттарды архивтік қоймаларда жылжыту және орналастыру, «ОМҒТҚА» республикалық мемлекеттік мекемесінде құжаттарды сақтау режимі мәселелері қарастырылды.


10 сәуір 2024 жыл
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлерінің «Архив-2025» бағдарламасы аясында Латвия Республикасының астанасы – Рига қаласындағы Латвия Ұлттық архиві мен мемлекеттік архивінде құжаттар анықтау бойынша іс-сапарлары барысында Латвияның Ұлттық архиві және Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві арасында Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.


Яндекс.Метрика Разработка и поддержка: ntd.kz