Новости:
10 мамыр 2023 жыл
«Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві» РММ ұжымы Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күні қарсаңында мерекелік іс шарасын өткізді. Бұл іс шараның негізгі мақсаты – барлық архив қызметкерлерін жұмыс саласы мен функционалдық міндеттеріне қарамастан архив қорларындағы құжаттармен таныстыру.
ОМҒТҚА- нің жеке тектік қорларының құрамында 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысына байланысты көптеген құжаттар бар: майданнан келген хаттар, майдандастарымен түскен фотосуреттер, олардың әскери марапаттары мен грамоталары, жауынгерлік ерліктері туралы бұқаралық ақпарат құралдарында ардагерлеріміз туралы жарияланған жарияланымдар, естеліктер.
Архивіміздің көптеген қор құрушылар сол сұрапыл соғыстың қатысушылары болды, өз Отанының, Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының тәуелсіздігін абыроймен қорғады. Бұл, Сәкен Нұғманұлы Нұғманов, Бақия Атшабарұлы Атшабаров, Павел Иустинович Мариковский, Петр Трофимович Гуляевский, Аркадий Константинович Деев, Леонид Григорьевич Позднухов, Шәкен Мәжитұлы Мәжитов, Михаил Ильич Усанович, Халида Есенқұлқызы Маманова.
ОМҒТҚА осы кезеңдегі құжаттарды сақтап қана қоймай, оларды ғылыми айналымға белсенді түрде енгізіп, оларды бұқаралық оқырманмен таныстыруда. Осылайша, 2015 жылы архив қызметкерлері «Из истории научных медицинских учреждений. Казахстан: 1941–1945 гг.» құжаттар мен материалдар жинағын дайындап шығарды. Онда Қазақстанда Ұлы Отан соғысы жылдарында жұмыс істеген медициналық ғылыми-зерттеу мекемелерінің 7 қорынан құжаттар жарияланды. Ұсынылған мәтіндер олардың қызметкерлерінің бірінші кезекте майданда және республикада санитарлық - эпидемиологиялық салауаттылықты қамтамасыз етуге бағытталған күш – жігерін, түрлі жұқпалы ауруларды еңсерудің, жаралыларды, сондай-ақ әйелдер мен балаларды сауықтырудың жаңа ғылыми негізделген жолдарын табуға ұмтылысын, соғысқа қатысушы елдердің болашағын көрсетеді. Құжаттарда сонымен қатар тылдағы адамдардың күнделікті өміріндегі қиындықтары туралы айтылады.
«Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық архиві» РММ дөңгелек үстел өткізіп, нәтижесінде «Эпидемический «пожар» удалось предотвратить» атты материалдар жинағы жарық көрді. Онда дөңгелек үстелге қатысушылардың бірінші кезекте Ұлы Отан соғысы жылдарындағы эпидемиологиялық салауаттылықты қамтамасыз ету мәселесіне арналған сөздерінің мәтіндері, сондай-ақ "майдан балаларының" дәрігер-ата-аналары және денсаулық сақтау ардагерлері туралы естеліктері жарияланды.
ОМҒТҚА ресми сайтында жыл сайын осы мерекелер қарсаңында «Бессмертный полк ЦГА НТД» виртуалды көрмесі ұйымдастырылады. Мұнда біздің ұжымның қызметкерлерінің соғысқа қатысқан туыстарының құжаттары отбасылық қорлардан алынып орналастырады. Көрме жаңа қызметкерлердің келуімен үнемі құжаттармен жаңарып, ұрпақтар сабақтастығын бейнелейтін дәстүрге айналып үлгерді.




















Все новости

Жаңалықтар

Показать все
22 сәуір 2024 жыл
2024 жылғы 22 сәуірде Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің Құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету және мемлекеттік есепке алу бөлімінің қызметкерлері әріптестеріне «Істер тізімдемелерін өңдеу және оларды жетілдіру (істер тізімдемелерін жетілдіру, олардың ақпаратты іздеу деңгейі мен сапасын арттыру)» тақырыбында өндірістік оқу өткізді.


20 сәуір 2024 жыл
«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Алматыда 8 сәуір мен 8 мамыр аралығында «Алматы – біздің ортақ үйіміз» науқаны өтуде. Оның басты мақсаты - қалалық инфрақұрылымға ұқыпты қарау құндылығын қалыптастыру, халық арасында жоғары азаматтық жауапкершілік пен экологиялық мәдениетті тәрбиелеу, жеке экологиялық бастамаларды қолдау мен іске асыруға жағдай жасау.


15 сәуір 2024 жыл
2024 жылғы 15 сәуірде Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві дирекциясының кезекті отырысы өтті. Онда архивтегі құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету мәселелері, құжаттарды архивтік қоймаларда жылжыту және орналастыру, «ОМҒТҚА» республикалық мемлекеттік мекемесінде құжаттарды сақтау режимі мәселелері қарастырылды.


10 сәуір 2024 жыл
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлерінің «Архив-2025» бағдарламасы аясында Латвия Республикасының астанасы – Рига қаласындағы Латвия Ұлттық архиві мен мемлекеттік архивінде құжаттар анықтау бойынша іс-сапарлары барысында Латвияның Ұлттық архиві және Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві арасында Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.


Яндекс.Метрика Разработка и поддержка: ntd.kz