ќаз
|
рус
Вход
_USERNAME 
_USERPASSWORD 
Авторизация пользователя
ОРТАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҒЫЛЫМИ-ТЕХНИКАЛЫҚ ҚҰЖАТТАМА
АРХИВI
 
_NEWS:
19 мамыр 2023 жыл
2023 жылғы 18 мамырда Алматы қаласы Республикалық Достық үйінің конференц-залында «Орталық мемлекеттік кинофотоқұжаттар мен дыбыс жазбалар архиві» РММ 80 жылдығына орай «Қазақстан Республикасы Ұлттық архив қорының аудиовизуалды құжаттарын сақтаудың және қол жетімділікті қамтамасыз етудің өзекті мәселелері» атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.
Конференцияда баяндама жасаған қатысушылар арасында еліміздің архив ісінің мамандары мен Ресей Федерациясы, Польша Республикасы, Америка Құрама Штаттары, Беларусь Республикасы, Қырғыз Республикасы, Өзбекстан Республикасы аудиовизуалды құжаттама саласындағы мамандар бар.
Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі А.Р.Оралов конференцияға қатысушыларды және Орталық мемлекеттік кинофотоқұжаттар мен дыбыс жазбалар архиві ұжымын мерейтойымен құттықтады.
ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің төрағасы Қ.Қ.Бораш республиканың орталық және өңірлік архивтерінің басшылары мен өз әріптестеріне құттықтау сөз сөйледі. Олардың қатарында ОМҒТҚА директоры Б.А.Жұматаева да болды.
«Сақтандыру қорын құрудағы және қазіргі заманғы тасымалдағыштардағы аудиовизуалды құжаттарды пайдалану қорындағы жаңа тәсілдер» секциясының жұмысына ОМҒТҚА архившісі, әлеуметтік ғылымдар магистрі И.Қ. Ерғалиева қатысып, «ОМҒТҚА қорындағы аудиовизуалды құжаттар» баяндамасымен сөз сөйледі.
Конференцияға ОМ КФҚДЖА қорларынан аудиовизуалды құжаттар бойынша «Архив қазынасы – ғасырлар куәсі» көрмесі дайындалды.
Сондай-ақ, конференция аясында саланың дамуына елеулі үлес қосқан ОМ КФҚДЖА архившілері мен архив ісі ардагерлерін "Архив саласының үздігі" төсбелгісімен, Құрмет грамоталарымен және алғыс хаттармен марапаттау рәсімі өтті.































_ALLNEWS

Жаңалықтар

Показать все


29 мамыр 2023 жыл
2023 жылдың 24-26 мамыр аралығында Бұхара қаласында (Өзбекстан Республикасы) «Кітап және оқу қоғамды дамытудағы стратегиялық ресурс ретінде» II Достастық форумы аясында «Орталық Азия: Интернет және ғылым, білім, мәдениет және бизнестегі ақпараттық-кітапханалық ресурстар» XVI Халықаралық конференциясы өтті.


26 мамыр 2023 жыл
2023 жылғы 26 мамырда Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлері өздерінің Орталық мемлекеттік архив және Орталық мемлекеттік кинофотоқұжаттар мен дыбыс жазбалар архивіндегі әріптестерімен Архив қалашығының аумағын тазалау сенбілігіне қатысты.


25 мамыр 2023 жыл
Мемлекеттік сақтауда тұрған құжаттарға сұраныстың жоғары екендігін көрсететін Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві қызметінің бір бағдары Алматы қаласының сәулет өнерін қалпына келтіру, реконструкциялау немесе күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін қажетті құжаттамамен қамтамасыз ету болып табылады.


Яндекс.Метрика Web site engine code is Copyright ©2007-2008 by Kasseler CMS. All rights reserved.   Разработка и поддержка: neon-group